---
title: "Қазақстанның ЖІӨ-сі 2016 жылғы 9 ай ішінде 0,4%-ға өсті"
description: "2016 жылғы 9 ай ішінде ЖІӨ өсімі 2015 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 0,4%-ды құрады. Тауарлар ө..."
author: "Anuarbek_Ainash"
published: "2016-10-25T05:15:00+00:00"
modified: "2016-10-30T12:05:34+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stanny-zhi-si-2016-zhyl-y-9-ay-ishinde-0-4-a-sti-721633"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stanny-zhi-si-2016-zhyl-y-9-ay-ishinde-0-4-a-sti-721633/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазақстанның ЖІӨ-сі 2016 жылғы 9 ай ішінде 0,4%-ға өсті

> 2016 жылғы 9 ай ішінде ЖІӨ өсімі 2015 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 0,4%-ды құрады. Тауарлар ө...

2016 жылғы 9 ай ішінде ЖІӨ өсімі 2015 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 0,4%-ды құрады. Тауарлар өндірісі - 0,2%-ға, көрсетілетін қызметтер өндірісі 0,4%-ға ұлғайды. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы ұлттық экономика министрі Қуандық Бішімбаев ҚР Үкіметінің отырысы барысында хабарлады.

![Қазақстанның ЖІӨ-сі 2016 жылғы 9 ай ішінде 0,4%-ға өсті](https://storage.yvision.kz/images/user/anuarbek_ainash/qLL5EKR3AzO2jCtUZHMzDAqRD2u1YE.jpg)

«Инфляция жыл басынан бері - 5,6%-ды, жылдық көріністе 16,6%-ды құрады. Айлық инфляциялар ағымдағы жылғы қыркүйекте және тамызда 0,2%-ды құрады. Жыл басынан бері инфляциялық процестердің бәсеңдеуі аясында ҚР ҰБ базалық мөлшерлемені ақпандағы 17%-дан қазан айының басындағы 12,5%-ға дейін біртіндеп төмендетті», - деп мәлімдеді министр.

Осылайша, 2016 жылғы 9 ай ішінде ЖІӨ өсімі 2015 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 0,4%-ды құрады. Тауарлар өндірісі - 0,2%-ға, көрсетілетін қызметтер өндірісі 0,4%-ға ұлғайған.

Қ. Бішімбаев атап өткендей, халықтың жан басына шаққандағы орташа атаулы ақша кірістері 2016 жылғы қаңтар-тамыз аралығында 583 мың теңгені құрап, 2015 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда атаулы көріністе 8,8%-ға өскен. 2016 жылғы қаңтар-қыркүйек аралығындағы орташа айлық атаулы жалақы 139,4 мың теңгені құрап, атаулы көріністе 13,8%-ға ұлғайған. 2016 жылғы қыркүйекте жұмыссыздық деңгейі 5%-ды құраған.

«Биылғы жылдың мамыр мен маусым айында экономиканы несиелеу қайта жанданды. Алайда, шілдеде 0,5 пайызға жинақталған несиенің көбеюі тамызда 0,1 пайызға төмендеумен байқалды. 2016 жылдың қаңтар-тамыз айында қайта берілген несие көлемі 8,3 пайызға көбейді. Ол 2015 жылмен салыстырғанда 6,3 трлн теңгеге өсті. Алайда, қысқамерзімді несиелердің өсімі байқалды. Есептік кезеңде қысқармерзімді несиенің берілуі 15,2 пайызды құрап, 4,1 трлн теңгеге шықты. Ал, ұзақмерзімді несиелеу 2,8 пайызға төмендеді», - деді ол.

Оның айтуынша, жаңа несиелер сауда мен өнеркәсіпке бағытталды.

«Құрылысқа 256 млрд теңге бағытталды, ауыл шаруашылығына – 188,1 млрд теңге, көлік саласына – 182 млрд теңге бағытталды», - деді ол.

Кәсіпкерлікті қолдау үшін жеңілдікті несие беру үшін мемлекеттік қаражат бөлінді.

«Қолданылған шаралар ШОБ субъектілерін несиелеуді ұлғайтуға мүмкіндік берді. Жыл басынан бері 35,3 пайызға ұлғайып, 2,8 трлн теңгені құрады. Ұлттық банк инфляциялық күту негізінде негізгі ставканы 17 пайыздан қазанда 12,5 пайызға түсірді», - деді ол.

Ақпарат көзі: [strategy2050.kz](https://strategy2050.kz/)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-stanny-zhi-si-2016-zhyl-y-9-ay-ishinde-0-4-a-sti-721633](https://yvision.kz/kk/post/aza-stanny-zhi-si-2016-zhyl-y-9-ay-ishinde-0-4-a-sti-721633)