---
title: "Қазақстанның Универсиададағы рекорды"
description: "Қазақстан құрамасы он күннің ішінде Универсиада тарихында жеңіп алған жүлделер саны бойынша өз реко..."
author: "amanzolovna"
published: "2017-02-07T10:00:33+00:00"
modified: "2017-02-07T10:00:33+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stanny-universiadada-y-rekordy-754529"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stanny-universiadada-y-rekordy-754529/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазақстанның Универсиададағы рекорды

> Қазақстан құрамасы он күннің ішінде Универсиада тарихында жеңіп алған жүлделер саны бойынша өз реко...

![](https://storage.yvision.kz/images/user/amanzolovna/3YjUjJA70huT0r4alzpN2Z3z3tHxF8.jpg)

Қазақстан құрамасы он күннің ішінде Универсиада тарихында жеңіп алған жүлделер саны бойынша өз рекордын жаңартты.

Алматыда өтіп жатқан ойындарда еліміздің спортшылары 11 алтын, 7 күміс және 16 қола медаль ұтып алды.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/amanzolovna/QjFebEJc3pCMzAe8c10Xpyo40lCESL.jpg)

Осыған дейін еліміздің спортшылары ең жоғарғы көрсеткішті 2015 жылы Гранада қаласында өткен қысқы Универсиада ойындарында көрсеткен еді. Испания жерінде қазақ спортшылары бес алтын және алты күміс медаль алған болатын. Ал биылғы жылғы өз елімізде өтіп жатқан Универсиадада Қазақстан құрамасы бірден екі есеге артық қөрсеткішті көрсетті. Бұл бұрын болмаған оқиға, еліміз үшін үлкен рекорд болды.

28-ші рет өтіп жатқан Универсиада ойынында біздің қоржынымызға алтынды биатлоншылар Алина Райкова мен Галина Вишневская, могулшылар Дмитрий Рейхард пен Юлия Галышева, шаңғышы Иван Люфт және де фристайлшылар Жанбота Алдабергенова мен Бағлан Іңкәрбек, мәнерлеп сырғанаудан Денис Тен жеңіп алды.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/amanzolovna/4nqkSLc361gUrSyboeEKrd7y5q8n8Z.jpg)

Күміс медальдарды биатлоншы Галина Вишневская мен фристайлшы Жібек Арапбаева иемденді.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/amanzolovna/zE10ZCCP5y148QAqMtdr3uydx4fhY7.jpg)

Қола медальдарды шаңғышылар Анна Стоян мен Анна Шевченко (екі жүлде), биатлоншы Роман Еремин, конькиші Екатерина Айдова, фристайлшы Павел Колмаков пен Жанбота Алдабергенова алды.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/amanzolovna/F5f5JYaH10S1FfDs5cgOgROdot7Nsx.jpg)

Шорт-тректен өткен жарыста Абзал Әжіғалиев пен Денис Никиша сәйкесінше күміс және қола медалды жеңіп алды.

Осылайша, студенттер аламанының аяқталуына бір күн қалғанда еліміздің спортшылары жалпы саны 34 жүлде олжалап, екінші сатыда орналасты. Ал топ басында 27 алтын, 26 күміс және 15 қола жүлдесі бар ресейліктер, үздік үштікті 11 алтын медалімен Оңтүстік Кореялықтар түйіндеп тұр.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-stanny-universiadada-y-rekordy-754529](https://yvision.kz/kk/post/aza-stanny-universiadada-y-rekordy-754529)