---
title: "Қазақстанның әскери қызметшілері «Бейбіт миссия – 2016» оқу-жаттығуына қатысу үшін Қырғыз Республикасына келді"
description: "Қырғыз Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының Балықшы қаласындағы «Эдельвейс» полигонында Шанхай Ы..."
author: "Anuarbek_Ainash"
published: "2016-09-14T20:53:00+00:00"
modified: "2016-09-30T03:20:29+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stanny-skeri-yzmetshileri-beybit-missiya-2016-o-u-zhatty-uyna-atysu-shin-yr-yz-respublikasyna-ke-713618"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stanny-skeri-yzmetshileri-beybit-missiya-2016-o-u-zhatty-uyna-atysu-shin-yr-yz-respublikasyna-ke-713618/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазақстанның әскери қызметшілері «Бейбіт миссия – 2016» оқу-жаттығуына қатысу үшін Қырғыз Республикасына келді

> Қырғыз Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының Балықшы қаласындағы «Эдельвейс» полигонында Шанхай Ы...

Қырғыз Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының Балықшы қаласындағы «Эдельвейс» полигонында Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы мүше мемлекеттерінің «Бейбіт миссия – 2016» бірлескен әскери лаңкестікке қарсы командалық-штабтық оқу-жаттығуының ресми ашылуы өтті, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.

![Қазақстанның әскери қызметшілері «Бейбіт миссия – 2016» оқу-жаттығуына қатысу үшін Қырғыз Республикасына келді](https://storage.yvision.kz/images/user/anuarbek_ainash/up7DvuJP5T0ZpB6vrVT85orP34p76r.jpg)

Салтанатты іс-шараға бес елдің, яғни, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Қытай Халық Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери контингенттері қатысты.

Жалпы алғанда, оқу-жаттығуға 2 мыңға жуық әскери қызметші, шамамен 300 бірлік әскери техника, олардың біршамасы жаңғыртылған және заманауи қондырғымен жабдықталған, сондай-ақ, жерүсті әскерлердің іс-қимылын қалқалауды қамтамасыз етуге арналған 40-қа жуық бірлік жауынгерлік авиация тартылды.

«Мұндай оқу-жаттығулардың өткізілуі қазіргі заманның шынайылығымен қабылданған және ШЫҰ жауапкершілік өңірінде және жалпы әлемде қалыптасқан халықаралық жағдай негізінде өзінің өзектілігі мен маңыздылығын бірнеше мәрте дәлелдеп те қойған», - деп «Бейбіт миссия – 2016» бірлескен оқу-жаттығуының жетекшісі полковник Р. Мұқамбетов атап өтті.

«Оқу-жаттығудың қойылған мақсаттарына қол жеткізу үшін барлығымыз бірге барынша күш-жігерімізді салатынымызға сенімдімін. Себебі, қазіргі оқу-жаттығулар өзінің арналуынан, «жауыздықтың үш күшімен», яғни, лаңкестік, экстремизм және сепаратизммен күресуден басқа, мемлекеттеріміздің қарулы күштерінің анағұрлым тығыз әскери ынтымақтастығына ықпал етеді», - деп ол сөзін жалғады. Қазақстаннан оқу-жаттығуға ҚР ҚК Аэроұтқыр әскерлерінің әскери қызметшілері қатысуда.

Ақпарат көзі: [strategy2050.kz](https://strategy2050.kz/)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-stanny-skeri-yzmetshileri-beybit-missiya-2016-o-u-zhatty-uyna-atysu-shin-yr-yz-respublikasyna-ke-713618](https://yvision.kz/kk/post/aza-stanny-skeri-yzmetshileri-beybit-missiya-2016-o-u-zhatty-uyna-atysu-shin-yr-yz-respublikasyna-ke-713618)