---
title: "Қазақстанның Әскери-теңіз күштері Каспийдегі стратегиялық нысандарды лайықты қорғайды («Шағала-2013» оқу-жаттығуы)"
description: "Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінде Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің «Шағала-2013» оқу-жаттығуы..."
author: "minoboronyRK"
published: "2013-10-18T06:58:03+00:00"
modified: "2013-10-18T06:58:03+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stanny-skeri-te-iz-k-shteri-kaspiydegi-strategiyaly-nysandardy-layy-ty-or-aydy-sha-ala-2013-o-u--379862"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stanny-skeri-te-iz-k-shteri-kaspiydegi-strategiyaly-nysandardy-layy-ty-or-aydy-sha-ala-2013-o-u--379862/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазақстанның Әскери-теңіз күштері Каспийдегі стратегиялық нысандарды лайықты қорғайды («Шағала-2013» оқу-жаттығуы)

> Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінде Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің «Шағала-2013» оқу-жаттығуы...

**

![Қазақстанның Әскери-теңіз күштері Каспийдегі стратегиялық нысандарды лайықты қорғайды («Шағала-2013» оқу-жаттығуы)](http://www.mod.gov.kz/mod-kz/images/stories/18october13/2.jpg)

Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінде Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің «Шағала-2013» оқу-жаттығуы жалғасуда.**

Жаттығуға Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысының басқармасы мен әскери-теңіз базасының жауынгерлік даярлық, тылдық қамтамасыз ету, қару-жарақ, байланыс, мемлекеттік құпияларды қорғау бөлімдері мен қызметтерінің әскери қызметшілері қатысуда.

Бүгін «Шағала-2013» оқу-жаттығуы шеңберінде тәжірибелік кемелік атыстар жүзеге асты. Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері Қазақстанда жасалған жаңа зымырандық-артиллериялық «Қазақстан», «Орал» кемелерімен өмірлік маңызы бар нысандарды, оның ішінде мұнайгаз кешендерін, қолдан жасалған аралдарды күзету мен қорғау элементтерін пысықтады.

– Штат үйлесімді қимылдады, барлық нысаналар жойылды. Жаттығу Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің жеке құрамы жүктелген міндеттерді орындауға және теңіздегі мемлекеттік мүдделерді қорғауға дайын екенін көрсетті, - деп атап өтті «Шағала-2013» оқу-жаттығуының жетекшісі 1 дәрежелі капитан Серік Борамбаев.

«Шағала-2013» оқу-жаттығуы Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің жауынгерлік қабілеті мен әскери қызметшілердің жауынгерлік дайындық деңгеін арттыруға бағытталған.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, 2013 жылғы 17-19 қазан аралығнда Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінде «Шағала-2013» оқу-жаттығуы өтуде. Үш күндік оқу-жаттығу барысында мемлекеттік шекараны күшейту, жауынгерлік атыстар жүргізу арқылы теңіздегі кемелерді күзету мен қорғау пысықталады.

**ҚР ҚМ Баспасөз қызметі**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-stanny-skeri-te-iz-k-shteri-kaspiydegi-strategiyaly-nysandardy-layy-ty-or-aydy-sha-ala-2013-o-u--379862](https://yvision.kz/kk/post/aza-stanny-skeri-te-iz-k-shteri-kaspiydegi-strategiyaly-nysandardy-layy-ty-or-aydy-sha-ala-2013-o-u--379862)