---
title: "«Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауы — еліміздің болашағының айқын көрінісі"
description: "Президентің өз халқына жыл сайынғы жолдауы еліміздің даму кезеңін көрсететін стратегиялық маңызы құж..."
author: "kamurka"
published: "2017-01-31T21:45:38+00:00"
modified: "2017-02-06T02:42:38+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stanny-shinshi-zha-yruy-zha-andy-b-sekege-abilettilik-zholdauy-elimizdi-bolasha-yny-ay-yn-k-rini-753271"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stanny-shinshi-zha-yruy-zha-andy-b-sekege-abilettilik-zholdauy-elimizdi-bolasha-yny-ay-yn-k-rini-753271/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауы — еліміздің болашағының айқын көрінісі

> Президентің өз халқына жыл сайынғы жолдауы еліміздің даму кезеңін көрсететін стратегиялық маңызы құж...

Президентің өз халқына жыл сайынғы жолдауы еліміздің даму кезеңін көрсететін стратегиялық маңызы құжат болып табылады. Биылғы жылы да «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдаудың ерекшелігі, сыртқы саясатының жай емес уақытына қарамастан елімізді болашаққа, «Қазақстан-2050» стратегиясы мақсаттарына жеткізетін қадам болатындығын айтты.

Мемлекет Басшымыз Қазақстан тәуелсіздігімізді алғаннан кейін және де кейінгі жылдары мемлекетіміздің саяси тұрақтылығын, бейбітшілігін сақтауға және экономиканың дамуына бағытталған дәйекті саясатын жүргізіп келеді.

Президентіміздің бесінші басымдықтың үшінші жаңғырту қажеттілігі киберқылмыспен, діни экстремизм және терроризммен күресті атап өткендігі, оның тапсырмасы бойынша 2017-2020 жылдарға арналған Діни экстремизм мен терроризмге қарсы әрекет жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны әзірленіп жатқандығы мемлекеттің және қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жолы болатындығы айқын көрінісі.

Мемлекетіміздің Басшысы: «Қазіргі заманда адамзат терроризмнің белең алуымен бетпе-бет келіп отыр. Бұл ретте деструктивті күштерді қаржыландыратындарға, шетелдік террористік ұйымдармен байланыс жасайтындарға қарсы күрес жүргізу ісі негізгі мәселе болып саналады. Діни экстремизмді насихаттаудың алдын алу, әсіресе интернет пен әлеуметтік желіде оның жолын кесу жұмысын жүргізу керек. Қоғамда, әсіресе, діни қарым-қатынас саласындағы радикалды көзқарасқа байланысты кез келген әрекетке «мүлде төзбеушілікті» қалыптастыру керек», - дейді.

Өскелең ұрпақты рухани-адамгершілік рухында тәрбиелеу қосымша қадамдар жасау керектігін, және де бұл іске мемлекеттік емес секторды және діни бірлестіктерді белсенді түрде тарту қажеттігін белгіледі.

Шындығында, өскелең ұрпақты ешқашан назардан тыс қалдырған емес, қалмауы да керек. Жастар еліміздің болашағы, ертеңгі күні бізді қорғайтын, бізді биікке жеткізетін өскелең ұрпағымыз. Және де жастар тарапынан "Kazakhstan For Peace" экстремизмге қарсы жастар қозғалысын құру, соның айқын дәлелі. Бұл қозғалыстың басты идеясы жастар аудиториясына жас мамандар кіріп, экстремизм мен терроризмнің алдын алу іс-шараларын өткізу. Қозғалыстың жастары мемлекетіміздің болашағы жарқын болсын деп, деструктивті ойлары бар ағымдардың қызметіне баламаны ұсынбақшы.

Бұл орайда Президенттіміздің халық алдына алға қойған мақсаттарын біз барлық мемлекеттік қызмет өкілдері, құқыққорғау жүйесі өкілдері, Үкіметтік емес ұйымдар өкілдері бірлесе отырып, Президентіміздің халыққа Жолдауын түсіндіру, мемлекеттің саясатын іске асыру бойынша ауқымды жұмысқа жұмылдыра түсуіміз тиіспіз.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-stanny-shinshi-zha-yruy-zha-andy-b-sekege-abilettilik-zholdauy-elimizdi-bolasha-yny-ay-yn-k-rini-753271](https://yvision.kz/kk/post/aza-stanny-shinshi-zha-yruy-zha-andy-b-sekege-abilettilik-zholdauy-elimizdi-bolasha-yny-ay-yn-k-rini-753271)