---
title: "Қазақстанның отаншыл жастары Әділет министрлігінен өз Жарғысының телнұсқасын бір жыл бойы ала алмай жүр"
description: "Бір жыл бұрын Қазақстанның отаншыл жастар одағы жарғысы мен күәлігінің телнұсқаларын аламын деп, әді..."
author: "mahambet2017"
published: "2012-08-12T16:35:24+00:00"
modified: "2012-08-12T17:36:35+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stanny-otanshyl-zhastary-dilet-ministrliginen-z-zhar-ysyny-teln-s-asyn-bir-zhyl-boyy-ala-almay-z-282727"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stanny-otanshyl-zhastary-dilet-ministrliginen-z-zhar-ysyny-teln-s-asyn-bir-zhyl-boyy-ala-almay-z-282727/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазақстанның отаншыл жастары Әділет министрлігінен өз Жарғысының телнұсқасын бір жыл бойы ала алмай жүр

> Бір жыл бұрын Қазақстанның отаншыл жастар одағы жарғысы мен күәлігінің телнұсқаларын аламын деп, әді...

Бір жыл бұрын Қазақстанның отаншыл жастар одағы жарғысы мен күәлігінің телнұсқаларын аламын деп, әділет министрлігінің тіркеу комитетіндегі төрешілдік пен сөзбұйдаға тап болып, ақыры соларды ала алмадым.

Қазір қолым кішкене бос болғаннан кейін бұл мәселені бас прокурорға жеткіземін деп, оған хат жаздым.

 

**Кімге: Қазақстан Республикасының Бас прокуроры**

**Дауылбаев Асхат Қайзоллаұлы**

**Кімнен: «Правда Казахстана» газетінің тілшісі,**** **

**«Қазақстанның отаншыл жастар одағы» РҚЖБ**

**Орталық комитетінің бірінші хатшысы**

**Абжан Махамбет Мұратбекұлы**

**Астана, Янушкевич көшесі, ****1,**** ****326 ****пәтер**

**8-702-270-91-54, 44-68-26**

**[mahambet1@gmail.com](mailto:mahambet1@gmail.com) [87003231831@mail.ru](mailto:87003231831@mail.ru)**** **

** **

**сауал.**

** **

2011 ж. 05.09 Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің төрағасы М.Сексембаевтың «Қазақстанның отаншыл жастар одағы» республикалық қоғамдық жастар бірлестігінің мемлекеттік тіркеу туралы күәлігінің және жарғысының телнұсқаларын беру мерзімінің үзілісі туралы №224р бұйрығы шықты.

Бұйрықта жазылғандай, «Әділет министрлігіне «Қазақстанның отаншыл жастар одағы» республикалық қоғамдық жастар бірлестігінің күәлігінің және жарғының телнұсқасын алу бойынша жалған съезді өткізу бойынша өтініш түсті».

«Арызда көрсетілген дәлелдерді тексеріс жүргізуге дейн... телнұсқасын беру мерзімі үзілсін» деп Сексембаев бұйырды.

Алайда сол бұйрықтың шығуынан кейін бір айдың ішінде съезге қатысқан адамдарды аймақтық ішкі істер департаменттерінің қоғамдық қауіпсіздік басқармалары сауалдамадан өткізіп, содан кейін бір жылға жуық уақыт өтсе де, тексерістің нәтижесін маған әлі күне дейін хабарлмады.

ҚР Әдмин Тіркеу комитетінің Заңды тұлғаларды тіркеу басқармасының бастығы маған: «Тексеру нәтижесі әлі де жоқ, ол министрлікке емес, ҚР Бас прокуратурасына байланысты, өйткені тексерісті біз соларға ілдік» деп түсіндірді. «Заң бойынша тексерістің мерзімдері шектелмеген» деді Әдмин шенеулігі.

Бұған қоса, 2011 жылы ҚР Әдмин Тіркеу комитеті түрлі себептермен 2 ай бойы «Қазақстанның отаншыл жастар одағы» республикалық қоғамдық жастар бірлестігінің мемлекеттік тіркеу туралы күәлігінің және жарғысының телнұсқаларын беруден 5 рет бас тартты. Бас тарту туралы бұйрықтардың фотокөшірмелерін қосып отырмын.

Осыған байланысты келесі сұрақтарға жауап беруді талап етемін:

- «ҚОЖО» РҚЖБ съезінің өткенін тексеруге кім жауапты?

- Ол тексерістің нәтижесі қандай?

- Тексерістің нәтижесі болмаса, бұны жасаудың ақылға қонымды мерзімдері қандай?

- ҚР Әдмин Тіркеу комитетінің түрлі себептермен 2 ай бойы 5 рет «Қазақстанның отаншыл жастар одағы» республикалық қоғамдық жастар бірлестігінің мемлекеттік тіркеу туралы күәлігінің және жарғысының телнұсқаларын беруден бас тартулары заңды ма? Заңсыз болса, Комитет қызметкерлерін жауапқа тартуды талап етемін.

- Бас тартулар заңды болса, бас тарту себептерін бір жауапта аталмағаны заңдарғаға, ҚР мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексына қайшы ма? Кодекстың келесі тармақтары бұзылды ма:

«Мемлекеттік қызметшілер:

... 6) жеке және *заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн сақтау мен қорғауды қамтамасыз етуге, олардың өтiнiштерiн қарау кезiнде төрешiлдiк пен сөзбұйдаға салу көрiнiстерiне жол бермеуге, өтiнiштер бойынша белгiленген мерзiмде қажеттi шаралар қолдануға*;

7) мемлекеттiк қызметке және мемлекет институттарына қоғамның сенiмiн сақтауға және нығайтуға;

8) өзiнiң iс-әрекеттерiмен қоғам тарапынан негiздi сынға себепкер болмауға, сынағаны үшiн қудалауға жол бермеуге, оң сын-ескертпелердi кемшiлiктердi жою мен өзiнiң қызметiн жақсарту үшiн пайдалануға;

9) *адал, әдiл,* қарапайым да сыпайы болуға, жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтауға;

... 11) *мемлекеттiк және еңбек тәртiбiн бұлжытпай сақтауға, берiлген өкiлеттiктердi тиiмдi иеленуге; өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн адал, тұралықпен және сапалы атқаруға; жұмыс уақытын тиiмдi пайдалануға*;

12) жоғары кәсiби жұмыс үшiн қажеттi күш-жiгерiн салуға, қойылған мiндеттердi шешудiң оңтайлы да үнемдi әдiстерiн қолдануға... тиіс».

ҚР «БАҚ туралы» Заңының 18 бабына сәйкес сұратылып отырған ақпаратты өтiнiш түскен күннен бастап үш күннен кешiктiрмей беруге сұраймын.

 

Махамбет Абжан

 

13.08.12 ж.

![Қазақстанның отаншыл жастары Әділет министрлігінен өз Жарғысының телнұсқасын бір жыл бойы ала алмай жүр](https://storage.yvision.kz/images/user/mahambet2017/64Kg76l1OQ2BP4GC9O0Gnek4Gqi300.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-stanny-otanshyl-zhastary-dilet-ministrliginen-z-zhar-ysyny-teln-s-asyn-bir-zhyl-boyy-ala-almay-z-282727](https://yvision.kz/kk/post/aza-stanny-otanshyl-zhastary-dilet-ministrliginen-z-zhar-ysyny-teln-s-asyn-bir-zhyl-boyy-ala-almay-z-282727)