---
title: "Қазақстанның көркем жерлері"
description: "Тоғызыншы сыныпта оқып жүргенімде бір сабақтан ұстаз маған \"Қазақстанның көркем табиғаты\" туралы пре..."
author: "AssemAnykbekkyzy"
published: "2016-01-12T12:36:44+00:00"
modified: "2016-01-12T12:39:00+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stanny-k-rkem-zherleri-672088"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stanny-k-rkem-zherleri-672088/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазақстанның көркем жерлері

> Тоғызыншы сыныпта оқып жүргенімде бір сабақтан ұстаз маған "Қазақстанның көркем табиғаты" туралы пре...

Тоғызыншы сыныпта оқып жүргенімде бір сабақтан ұстаз маған "Қазақстанның көркем табиғаты" туралы презентация жасауды тапсырған еді. Мағлұматтарды жинау барысында, "Шіркін-ай, осы жерлерде бір болсам",- деп ойлап едім. Ол армандар да орындалды.

**Көлсай көл**і тау төбесінде, арша ағаштарының айналасында орналасқан ғажап жер. Мұнда көл айдынында қайықпен серуендеп, форрель балығын аулауыңызға болады. Ал жергілікті тұрғын халықтың мейірімділігіне шек жоқ. Сізді қонақжайлықен қарсалып, аулаған балығыңызды пісіріп те береді. Дастарханы тек табиғи азықтардан тұрады: тау араларының балы, жабайы бүлдірген мен жеміс-жидектер, қол айран-сүті мен қаймағы. Жердегі пейіш дерсіз.

![Қазақстанның көркем жерлері](https://storage.yvision.kz/images/user/assemanykbekkyzy/bqPB99Ba3P0xYi93bs4GxiQhp8ntMm.jpg)

**Екінші Көлсай** біріншісінен 18 км алыс биіктікте орналасқан, жоғары қарай көтерілу сәл қиынырақ болғанымен, мұндай табиғат жаратылысын көргенде шаршауың бір басылып қалады. Сондай-ақ атқа мініп те жетуге болады.

![Қазақстанның көркем жерлері](https://storage.yvision.kz/images/user/assemanykbekkyzy/AsSXay3dLA09S9nY4IW7Theff0MHwA.jpg)

**Қайыңды көлі**нде өзіңізді бір басқа тылсым жерде жүргендей сезінесіз. Көл 1911 жылы жерқозғалысының нәтижесінде пайда болған. Су қайың тоғайын басып қалған, дегенмен ағаштар жақсы сақталған. Бірақ гидтердің айтуынша бұл мәңгілік емес, сондықтан бұл табиғат кереметін көруге асығу керек.

![Қазақстанның көркем жерлері](https://storage.yvision.kz/images/user/assemanykbekkyzy/n6c97caI0mFeI6y3yHPFH5Ni0zs7im.jpg)

**Үлкен Алматы көлі** де жер сілкінісі арқасында пайда болған. Сұлулығы көз тартатын, түсі ерекше көкшіл көл.

![Қазақстанның көркем жерлері](https://storage.yvision.kz/images/user/assemanykbekkyzy/47wsvHmRPUR2gS7ue8e48ykG96TBa5.jpg)

**Айқай құм** Алтын Емел Үлттық паркінде орналасқан. Өз атауын жел тұрғанда шығаратын дыбысы есебінде алған. Аңыз бойынша құмның астында айдаһар бар делінеді, дыбысты да сол шығарса керек. Шағыл құмдардығ биіктігі 180 метрге дейін жетеді. Төбесінен сырғанап түсу ең қызықты сәттердің бірі.

![Қазақстанның көркем жерлері](https://storage.yvision.kz/images/user/assemanykbekkyzy/HTkUxWcOep01FOSILGt6Tdi90fbkZY.jpg)

**Таңбалы** тарихи-мәдени қорық мұражайы ежелгі адамдардың тасқа салынған суреттер жинағы. Мұнда аң аулау, құрбандық шалу және т.б. сәттер бейнеленген. Әйгілі басы күн тәріздес адамдардың суреттерін көруге болады. Ғалымдар айтуынша күн тәріздес басты адамдар жат ғаламдықтар да болуы мүмкін, солардың көмегі арқасында адамзат дами бастаған деген теория бар.

![Қазақстанның көркем жерлері](https://storage.yvision.kz/images/user/assemanykbekkyzy/15227C6LS48wWpT2NJqNGzb5cq1mo5.jpg)

Қазақстанның көркем жерлері мұнымен аяқталмайды. Бұл тізімді ары қарай жалғастыра беруге болады.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-stanny-k-rkem-zherleri-672088](https://yvision.kz/kk/post/aza-stanny-k-rkem-zherleri-672088)