---
title: "Қазақстанның хоккейшілері ағылшындарды жеңді"
description: "Бүгін Қазақстан жас хоккейшілері Ұлыбританияға қарсы айдынға шығып, 6:1 есеппен жерлестеріміз жеңіс..."
author: "kazsportagent"
published: "2013-12-12T03:40:12+00:00"
modified: "2013-12-12T03:40:27+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stanny-hokkeyshileri-a-ylshyndardy-zhe-di-389288"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stanny-hokkeyshileri-a-ylshyndardy-zhe-di-389288/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазақстанның хоккейшілері ағылшындарды жеңді

> Бүгін Қазақстан жас хоккейшілері Ұлыбританияға қарсы айдынға шығып, 6:1 есеппен жерлестеріміз жеңіс...

# [!\[Қазақстан жас хоккейшілері\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/12/cc974db459ff288c76142d124e4c4c12-300x224.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/12/cc974db459ff288c76142d124e4c4c12.jpg)

Бүгін Қазақстан жас хоккейшілері Ұлыбританияға қарсы айдынға шығып, 6:1 есеппен жерлестеріміз жеңіске жетті, деп жазады [alasharena.kz](http://alasharena.kz/) спорт порталы.«Дамфристе өтіп жатқан шайбалы хоккейден жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан ұлттық құрамасы екі рет жеңіске жетті. 9 желтоқсан күні біздің жігіттер Украина құрамасымен кездесіп, 7:2 есебімен жеңіске жетті. Бұл күні Кошелев, Кинстлер, Михайлис, Ыбырайбеков сынды хоккейшілеріміз шайба соғып, командасын жеңіске жетелеген болатын. Кинстлердің еншісінде екі, Михайлисте үш шайба бар», — деп хабарлайды Қазақстан шайбалы хоккей федерациясының баспасөз қызметі. Бүгін Қазақстан хоккейшілері Ұлыбританияға қарсы айдынға шығып, Сергиенко мен Савицкий екі-екіден шайба соқса, Шестаков пен Нұрлан Қабиев бір рет мергендігімен көзге түсті. Қорытынды есеп – 6:1 жерлестеріміздің жеңісі. Ертең біздің құрама Италия құрамасымен кездеседі. Ал 14 желтоқсан күні Жапония, 15 желтоқсан күні Франция хоккейшілерімен айдында күш сынасады.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-stanny-hokkeyshileri-a-ylshyndardy-zhe-di-389288](https://yvision.kz/kk/post/aza-stanny-hokkeyshileri-a-ylshyndardy-zhe-di-389288)