---
title: "Қазақстанның «EXPO Milano 2015» көрмесіндегі павильонын жылына 5 мың адам тамашалайды"
description: "«EXPO Milano 2015» көрмесіндегі Қазақстанның павильоны ең көп тамашаланатындардың арасында, елімізді..."
author: "Nurayim_B"
published: "2015-05-25T23:49:00+00:00"
modified: "2015-05-31T23:50:02+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stanny-expo-milano-2015-k-rmesindegi-pavilonyn-zhylyna-5-my-adam-tamashalaydy-505407"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stanny-expo-milano-2015-k-rmesindegi-pavilonyn-zhylyna-5-my-adam-tamashalaydy-505407/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазақстанның «EXPO Milano 2015» көрмесіндегі павильонын жылына 5 мың адам тамашалайды

> «EXPO Milano 2015» көрмесіндегі Қазақстанның павильоны ең көп тамашаланатындардың арасында, елімізді...

«EXPO Milano 2015» көрмесіндегі Қазақстанның павильоны ең көп тамашаланатындардың арасында, еліміздің құндылықтарымен танысу үшін мұнда жылына 5 адам келеді, деді «EXPO Milano 2015» көрмесінің ҚР секциясының бас комиссары Әнуарбек Мусин Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

> "Біздің павильонымыз өте жақсы болды. Ол ашылған алғашқы күннен бастап-ақ көрмеге келушілерді қызықтыра бастады. Көрмені тамашалаған азаматтар бір-біріне қазақстандық павильонның ең осы шарадағы мықтылардың бірі екендігін айтуда. Қазақстандық павильон барлық қонақтарды қызықтыруда, өзге мемлекет өкілдерін таңдай қақтырып отыр. Біздің павильонды орташа алғанда 4 мың 500 – 5 мың адам тамашалайды",-деді А.Мусин.

Оның айтуынша, павильонның қызметін қамтамасыз етумен 150 адам айналысуда.

> «Бізде шамамен 150 адам жұмыс істейді. Үш ауысыммен жұмыс істеп жатырмыз, кейде төрт аусыммен де істейміз. 10-15 адам әкімшілік блок қызметкерлері. Олар тасымал, ұсыну, коммуникация және ұйымдастырушымен байланыс үшін жауапты. 110 адам еріктілер – олар біздің жүрегіміз. Олар экспозициялық аймақтың қызметін жүргізеді. Көрме демалыссыз жүріп жатқандықтан еріктілер үш ауысыммен таңғы 10-нан түнгі 11-ге дейін жұмыс істеуде. Сонымен қатар, бізде Қазақстанның мәдени-көркемдік бағдарламаларымен айналысатын әртістер бар»,-деп қосты ол.

Ақпарат көзі strategy2050.kz

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-stanny-expo-milano-2015-k-rmesindegi-pavilonyn-zhylyna-5-my-adam-tamashalaydy-505407](https://yvision.kz/kk/post/aza-stanny-expo-milano-2015-k-rmesindegi-pavilonyn-zhylyna-5-my-adam-tamashalaydy-505407)