---
title: "Қазақстанның екі табиғи аумағы UNESCO-ның биосфералық резерватары қатарына қосылды"
description: "2014 жылғы 12 маусымда UNESCO «Адам және биосфера» (UNESCO MAB) бағдарламасының Халықаралық үйлестір..."
author: "ecogovkz"
published: "2014-06-17T06:06:47+00:00"
modified: "2014-06-17T06:06:47+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stanny-eki-tabi-i-auma-y-unesco-ny-biosferaly-rezervatary-ataryna-osyldy-418296"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stanny-eki-tabi-i-auma-y-unesco-ny-biosferaly-rezervatary-ataryna-osyldy-418296/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазақстанның екі табиғи аумағы UNESCO-ның биосфералық резерватары қатарына қосылды

> 2014 жылғы 12 маусымда UNESCO «Адам және биосфера» (UNESCO MAB) бағдарламасының Халықаралық үйлестір...

2014 жылғы 12 маусымда UNESCO «Адам және биосфера» (UNESCO MAB) бағдарламасының Халықаралық үйлестіру кеңесінің 26-шы сессиясы барысында «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты мен Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне «UNESCO-ның биосфералық резерваты» халықаралық мәртебесі берілді.

Биосфералық резерваттардың негізгі критерийлері – территорияның аймақтандырылуы (ұйытқы аймақ, аралық және өтпелі аймақтар) және әр аймақ шегіндегі қызметтің регламенттелуі.

«Ақжайық» резерваты бойынша номинацияны дайындаудың (ғылыми негіздеме) алғашқы кезеңі сулы-батпақты жерлерді толық сақтау жөніндегі Жаһандық экологиялық қордың, БҰҰ Даму бағдарламасының және ҚР ҚОСРМ орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің бірлескен жобасы шеңберінде жүргізілді.

«Ақжайық» МТР UNESCO-ның дүниежүзілік биосфералық резерваттар тізіміне енгізу бойынша номинациялық құжаттар Болонья университеті мен Еni компаниясының бірлесіп жүргізген «Жайық өзені атырауындағы парк» жобасының шеңберінде жүзеге асырылды.

Осы тізімге Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркын енгізу бойынша номинациялық құжаттар UNESCO MAB-тың Қазақстандағы бағдарламасы аясында жетілдірілді.

ҚР ҚОСРМ баспасөз қызметі

[http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2014/06/104-62/](https://vk.com/away.php?to=http%3A%2F%2Fwww.eco.gov.kz%2Fnew2012%2FKK%2F2014%2F06%2F104-62%2F&post=172697143_2022)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-stanny-eki-tabi-i-auma-y-unesco-ny-biosferaly-rezervatary-ataryna-osyldy-418296](https://yvision.kz/kk/post/aza-stanny-eki-tabi-i-auma-y-unesco-ny-biosferaly-rezervatary-ataryna-osyldy-418296)