---
title: "«Қазақстанның болашағы – біздің қолымызда!»"
description: "Ағымдағы жылдың 13 маусымы күні Шортанды ауданында «Адал жол - Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қа..."
author: "anticorr03akmol"
published: "2016-06-13T06:36:56+00:00"
modified: "2016-06-13T06:36:56+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stanny-bolasha-y-bizdi-olymyzda-697440"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stanny-bolasha-y-bizdi-olymyzda-697440/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Қазақстанның болашағы – біздің қолымызда!»

> Ағымдағы жылдың 13 маусымы күні Шортанды ауданында «Адал жол - Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қа...

Ағымдағы жылдың 13 маусымы күні Шортанды ауданында «Адал жол - Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны шеңберінде «Қазақстанның болашағы – біздің қолымызда!» тақырыбындағы жастар дэнс-мобы өткізілді..

ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің бастамашылығымен іске асырылған шараны «Шортанды ауданы жастарының ресурстық орталығы» КММ ұйымдастырды.

Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – жастарды мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатымен таныстыру, бұл өз ретінде сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілікті қалыптастыруға ықпал етуі тиіс.

Жастардың қатысуымен өткен ырғақты дэнс-мобқа 20 шақты адам қатысты.

![«Қазақстанның болашағы – біздің қолымызда!»](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorr03akmol/bIA6md8IKzzQL0IT9bVQK3wgpS7FqL.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-stanny-bolasha-y-bizdi-olymyzda-697440](https://yvision.kz/kk/post/aza-stanny-bolasha-y-bizdi-olymyzda-697440)