---
title: "Қазақстанның білім беру жүйесі туралы не ойлайсыз?"
description: "Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері білім саласында қандай реформа жүргізілмеді?! Әрбір жаңадан келг..."
author: "kzblog"
published: "2019-11-11T02:01:01+00:00"
modified: "2019-11-11T02:01:01+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stanny-bilim-beru-zh-yesi-turaly-ne-oylaysyz-844116"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stanny-bilim-beru-zh-yesi-turaly-ne-oylaysyz-844116/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазақстанның білім беру жүйесі туралы не ойлайсыз?

> Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері білім саласында қандай реформа жүргізілмеді?! Әрбір жаңадан келг...

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері білім саласында қандай реформа жүргізілмеді?! Әрбір жаңадан келген министр, "осы реформаны іске асырсақ, білім беру бойынша озық елдердің қатарына қосыламыз", деген уәдемен миллиардтаған қаржы жұмсалған "реформалар", "министр басқа жұмысқа ауысты", деген сылтаумен "құтқарылып", министрдің басқа бір жылы креслоға ие болумен "жемісті" аяқталып келе жатыр. Мұғалімдер мен ата-аналар оқушылардың емес, оқулықтардың қатесін түзетумен әлек болатын болды. Ақырғы кіргізелген "оқушының білімін бағалау" жүйесі бойынша, оқушылар үй тапсырмасын, "білім бақылау жазу арқылы бағаланады", деген сылтаумен үй тапсырмасын орындамайтын болды. Ал мұғалімдер сабақ түсіндірмейтін болыпты. Сонда оқушы білімді қайдан алады?!

Сіз қалай ойлайсыз, не істеу керек?!

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-stanny-bilim-beru-zh-yesi-turaly-ne-oylaysyz-844116](https://yvision.kz/kk/post/aza-stanny-bilim-beru-zh-yesi-turaly-ne-oylaysyz-844116)