---
title: "Қазақстанның ақпараттық коммуникациялық технологияларының даму перспективасы қандай?"
description: "ХХІ ғасыр – инновация ғасыры. Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры д..."
author: "Janafuture"
published: "2023-06-26T16:31:43+00:00"
modified: "2023-06-29T08:37:16+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stanny-a-paratty-kommunikaciyaly-tehnologiyalaryny-damu-perspektivasy-anday-990761"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stanny-a-paratty-kommunikaciyaly-tehnologiyalaryny-damu-perspektivasy-anday-990761/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазақстанның ақпараттық коммуникациялық технологияларының даму перспективасы қандай?

> ХХІ ғасыр – инновация ғасыры. Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры д...

![Қазақстанның ақпараттық коммуникациялық технологияларының даму перспективасы қандай?](https://storage.yvision.kz/images/user/574050/338574c5c06e9af0545eccc97185d0.jpg)

ХХІ ғасыр – инновация ғасыры. Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры деп бекітілген болатын. Сондай-ақ, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев халыққа жолдауында ХХІ ғасырды техниканың, ақпараттандырудың озық дамыған кезеңі деп көрсетті

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 8 қаңтардағы № 464 Жарлығымен бекітілген "Ақпаратты Қазақстан - 2020" мемлекеттік бағдарлама. Қазақстанның ақпараттық коммуникациялық технологиялар саласы қалай дамуда, қандай преспективалары мен проблемалары бар? осы және басқа мәселелерді бейне материялдан тамашалай аласыздар.

Әлемде тележурналистика 16 сала бойынша дамыса, интернет журналистика 32 сала бойынша дамып отыр. Интернет журналистикасының негізін интернет сайттары мен порталдар құрағандықтан. Олар қарқынды таратылады және тез қабылданады. радио алғашқы 50 миллиондық аудиториясын 38 жылда, ал телеарна 13 жылда жинаған екен. Ал, интернет небәрі төрт жылда осындай көрсеткішке ие болған. Интернет журналистиканың жылдам дамуын оның күрделілігімен байланыстырады.

Яғни, бір мезетте дыбыс, видео, мәтін, түрлі инфографикалар, суреттер беруге болады. Дәстүрлі ақпарат құралдарында яғни, газет-журналдарда сайт редакциясында бір редактор атқаратын қызметті жеке-жеке топтан құралған командалар істейді. Интернет журналистиканың тағы бір ерекшелігі ол – Өзінің қызығушылығы бар адамдар белгілі бір салада жеке сайттар ашып жұмысын жүргізіп отыр. Бәсекеге қабілеттілігін де байқап отырсыздар.

Қазіргі таңда әлемдік БАҚ жаппай интернеттенуге көшті. Еркін ойдың аймағы саналатын интернет әлемі дәстүрлі БАҚ-тың нағыз бәсекелесіне айналды. Елімізде ғаламторды пайдаланушылар саны да едәуір арта түскені баршамызға аян. Дәстүрлі ақпарат құралдарындағы тұтынушылардың көпшілігі жаңа медианың жаңалығына мойын бұрды. Ал, жаңа медиа ақпарат таратудағы жылдамдығымен ерекшеленіп тұр. Дәстүрлі журналистикамен қатар интернет журналистика да қоғамда өзіндік орнын айқындай бастады. Жыл сайын ақпаратты интернет арқылы алушылар саны көбейіп келеді. Мысалы, 2002 жылы 1,1 млрд адам жаңалықтарды интернеттен оқып білсе, 2004 жылы оның саны 3,4 млрд-қа дейін еселене түскен.

Әлемнің көп елдерінде теле, радио, газет-журналдар онлайн режімінде ақпарат таратуға көшті. Бірақ, біздің елде онлайн журналистиканың игілігі толық меңгерілмей келеді. Дәстүрлі бұқаралық ақпарат құралдары жаңа онлайн режимінде жұмыс істеуге толық бет бұрған жоқ. Интернет қауымдастығындағылар бұл жаңалықтарды сол мезетте естіп, біліп, талқыдан өткізіп жатады. Дизайны мен жаңартылу жағын айтпағанның өзінде, ақпарат алуға кедергі көп. Сонымен қатар, қазақ газеттеріне жаңа онлайн режімінде жұмыс істеуді мықтап қолға алатын уақыт келген сияқты. Алыс аймақтарға газет таралып біткенше оның ақпаратының маңыздылығы кеми түседі, ақпарат ескіреді. Ал, газет сайттарының басым көпшілігі – оның қағаздағы нұсқасының көшірмесі ғана. Цифрлык акпараттык технологиялар тегеуріні медиа кеністікте жана үрдістін дамуына ыкпал етті. Элеуметтік желілер блог жэне блогер деген жана атаулар пайда болды.

Бугінгі танда олар виртуалдык элемнін жулдыздары ма? Жергілікті жандардан сауалнама жүргізіп едік бірге тындайық.Журналистиканың таралу формасы ауысса да, оның халық алдындағы мақсат-міндеттері өзгерген жоқ. Жаңа медианың, соның ішінде салалық сайттардың басты ұмтылыстары мен ұтылыстары бар.

Ғаламтор пайдасы мен зиянының ара салмағына қарамастан адамзаттың ажырамас құндылығына айналып үлгерді. Енді, оны санамыздан аластату мүмкін емес. Тек ғаламтордың, оның әсерінен туындаған БАҚ формасы – жаңа медианы өз ой-санамызға лайықтап қолдансақ болғаны.

Алтынай Мейрханқызы

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-stanny-a-paratty-kommunikaciyaly-tehnologiyalaryny-damu-perspektivasy-anday-990761](https://yvision.kz/kk/post/aza-stanny-a-paratty-kommunikaciyaly-tehnologiyalaryny-damu-perspektivasy-anday-990761)