---
title: "Қазақстанның 300 мыңнан астам ата-аналары бір конференцияның қатысушылары болды"
description: "Қазақстанның барлық жалпы білім беретін мектептерінде бір мезгілде бірінші сынып оқушыларының ата-ан..."
author: "Anuarbek_Ainash"
published: "2016-09-10T10:10:20+00:00"
modified: "2016-09-30T00:26:21+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stanny-300-my-nan-astam-ata-analary-bir-konferenciyany-atysushylary-boldy-711407"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stanny-300-my-nan-astam-ata-analary-bir-konferenciyany-atysushylary-boldy-711407/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазақстанның 300 мыңнан астам ата-аналары бір конференцияның қатысушылары болды

> Қазақстанның барлық жалпы білім беретін мектептерінде бір мезгілде бірінші сынып оқушыларының ата-ан...

Қазақстанның барлық жалпы білім беретін мектептерінде бір мезгілде бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына психологиялық-педагогикалық көмек бойынша республикалық ата-аналар конференциясы өтуде. Қазақстаның 357 мың ата-анасы осындай көлемді конференцияның қатысушылары болды.

![Қазақстанның 300 мыңнан астам ата-аналары бір конференцияның қатысушылары болды](https://storage.yvision.kz/images/user/anuarbek_ainash/u44xf76TS3h1K5R46rDOTw5EmnP6K4.jpg)

«21 ғасырдың Қазақстандық ата-аналары» конференциясының басты қатысушылары балалары бірінші сыныпқа барған ата-аналар болды. Барлық Қазақстан бойынша 357 мың адам, олардың 20 мыңы – астаналық бірінші сынып оқушыларының ата-аналары.

«Іс-шара жыл сайын республиканың және Астананың барлық мектептерінде 2013 жылдан бастап өтеді. Конференция бірінші сыныпқа барған балалардың ата-аналарына психологиялық тұрғыда көмек көрсету үшін арналған. Оларды еліміздің әрбір мектебінде жинайды және бірыңғай сценари бойынша конференция өткізеді. Тәжірибелі психолоктар бейне материалдар мен түрлі материалдарды ата-аналар үшін таңдайды»,-деді №59 мектеп-лицей ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі директордың орынбасары Алла Сертынбаева.

Отбасылық білім беру институтының Бас директоры Софя Евдокимованың айтуы бойынша, бірінші сынып оқушыларының ата-аналары мен үстаздар арасында кекілжін пайда болып қалуы мүмкін. Ал, аталмыш іс-шара ата-аналарды балаларды тәрбиелеуге бағыттайды.

«Бұл ата-аналар қауымдастығымен жаңа инновациялық жобасы болып табылады. Бала үйде болған кездері, оларға ата-аналары беделді болды. Ал, мектепке келген кездері беделдік ұстазға түседі. Осы кезде проблема туындайды – ата-аналардың қызғанышы. Отбасы ұстазды қабылдай білуі тиіс»,-деді С. Евдокимова.

Отбасылық білім беру институты конференция сценарийін әзірледі.

Суретке түсірген Шыңғыс Қаппаров

Ақпарат көзі: [strategy2050.kz](https://strategy2050.kz/)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-stanny-300-my-nan-astam-ata-analary-bir-konferenciyany-atysushylary-boldy-711407](https://yvision.kz/kk/post/aza-stanny-300-my-nan-astam-ata-analary-bir-konferenciyany-atysushylary-boldy-711407)