---
title: "Қазақстаннан 670 мың доллар алып шыққысы келгендер анықталды"
description: "«Наурыз бен сәуірде Қазақстаннан кедендік шекара арқылы жалпы сомасы 671 000 доллар қолма-қол ақшаны..."
author: "usergoogle106130794574359253877"
published: "2022-05-24T06:31:41+00:00"
modified: "2022-05-24T06:31:41+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stannan-670-my-dollar-alyp-shy-ysy-kelgender-any-taldy-967544"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stannan-670-my-dollar-alyp-shy-ysy-kelgender-any-taldy-967544/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазақстаннан 670 мың доллар алып шыққысы келгендер анықталды

> «Наурыз бен сәуірде Қазақстаннан кедендік шекара арқылы жалпы сомасы 671 000 доллар қолма-қол ақшаны...

«Наурыз бен сәуірде Қазақстаннан кедендік шекара арқылы жалпы сомасы 671 000 доллар қолма-қол ақшаны заңсыз әкетуге қатысты 40 жағдай анықталды», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, шетел валютасын әкетуге тыйым салынған соң кедендік шекара арқылы жалпы сомасы 280 мың доллар қолма-қол ақшаны әкетуге қатысты 21 жағдай анықталған.

Барлық дерек Нұр-Сұлтан мен Алматының халықаралық әуежайларындағы кеден бекеттерінде тіркелген. Кінәлілер әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Еске салайық, наурыздың ортасында Мемлекет басшысы «Қазақстанның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойған болатын.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-stannan-670-my-dollar-alyp-shy-ysy-kelgender-any-taldy-967544](https://yvision.kz/kk/post/aza-stannan-670-my-dollar-alyp-shy-ysy-kelgender-any-taldy-967544)