---
title: "Қазақстандық жаңа отбасылық тележоба!"
description: "Достар, сіздермен жаңа қазақша тележобаның ашылуымен бөліскіміз келіп отыр. Telemasterskaya Producti..."
author: "Telemasterskaya"
published: "2013-08-30T03:06:23+00:00"
modified: "2013-08-30T03:06:23+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-standy-zha-a-otbasyly-telezhoba-371668"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-standy-zha-a-otbasyly-telezhoba-371668/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазақстандық жаңа отбасылық тележоба!

> Достар, сіздермен жаңа қазақша тележобаның ашылуымен бөліскіміз келіп отыр. Telemasterskaya Producti...

Достар, сіздермен жаңа қазақша тележобаның ашылуымен бөліскіміз келіп отыр. Telemasterskaya Production House пен "НТК" телеарнасы біріге отырып, назарларыңызға "Балалы үй - базар" отбасылық телеойынын ұсынады.

Телеойын бірнеше кезеңдерден тұрады. Әр кезеңде жеңу үшін қатысушылар бала ойымен ойлауға машықтанып алады. Ең бастысы, бала тілі - бал екенін ұмытпау:)

31тамыздан бастап теледидарларыңыздан тәтті балақайлардың үлкендерге жеткізгісі келген сөздерін қазақстандық шоу-бизнес өкілдері мен қарапайым отбасыларының қалай табуға тырысатындарын қызықтаңыздар. Бағдарлама жүргізушісі белгілі қазақ актері және бес баланың әкесі - Рахман Омаров.

![Қазақстандық жаңа отбасылық тележоба!](https://storage.yvision.kz/images/user/telemasterskaya/4nd3kQ0uyQR2mCHEBuUfgRLY7TQamX.jpg)

Нұрлан Абдуллин, Ринат Малцагов, Айжан Нұрмағамбетовалар қатысқан алғашқы жұлдызды көрсетілім осы сенбі сағат 12.00-де көрсетіледі. Жіберіп алмаңыздар!

![Қазақстандық жаңа отбасылық тележоба!](https://storage.yvision.kz/images/user/telemasterskaya/EhQFaaF4ydeKpP3ux0c6JBxap7Tw87.jpg)

Толығырақ әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан білулеріңізге болады:

[http://vk.com/balalyuibazar](http://vk.com/balalyuibazar)

[https://www.facebook.com/balalyui](https://www.facebook.com/balalyui)

[http://kiwi.kz/user/BalalyUiBazar/](http://kiwi.kz/user/BalalyUiBazar/)

[http://balalyui.kz/](http://balalyui.kz/)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-standy-zha-a-otbasyly-telezhoba-371668](https://yvision.kz/kk/post/aza-standy-zha-a-otbasyly-telezhoba-371668)