---
title: "Қазақстандық және шетелдік БАҚ өкілдерінің назарына!"
description: "Бүгін, 2014 жылғы 10 ақпанда ағымдағы жылғы 22-25 мамырда Астанада өтетін «KADEX-2014» үшінші халықа..."
author: "minoboronyRK"
published: "2014-02-09T23:34:48+00:00"
modified: "2014-02-09T23:34:48+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-standy-zh-ne-sheteldik-ba-kilderini-nazaryna-399855"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-standy-zh-ne-sheteldik-ba-kilderini-nazaryna-399855/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазақстандық және шетелдік БАҚ өкілдерінің назарына!

> Бүгін, 2014 жылғы 10 ақпанда ағымдағы жылғы 22-25 мамырда Астанада өтетін «KADEX-2014» үшінші халықа...

**Бүгін, 2014 жылғы 10 ақпанда ағымдағы жылғы 22-25 мамырда Астанада өтетін «KADEX-2014» үшінші халықаралық көрмесін ақпараттық сүйемелдеу үшін журналистерді ресми тіркеу жарияланды.**

«KADEX» қару-жарақ және әскери-техникалық мүлік көрмесі – бұл қорғаныс өнеркәсібі саласындағы қол жеткізген соңғы жетістіктерді көрсету және мамандардың пікір алмасу алаңы.

**«KADEX-2014» келесі бес бағыт бойынша өткізіледі:**

- Құрлық әскерлері және Әскери-теңіз күштерінің қару-жарғы мен әскери техникасы;
- Авиация және авиациялық қару-жарақ, Әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі және құралдары;
- Арнайы мақсаттағы құралдар мен мүліктер;
- ІТ-технологиялар, байланыс жүйесі мен құралдары;
- Әскерлерді тылдық және техникалық қамтамасыз ету;

Тығыз іскерлік, көрмелік, көрсетілімдік «KADEX-2014» бағдарламасы жетекші шетелдік және отандық өнім өндірушілердің инновациялық өнімдерімен толық танысуға барынша мүмкіндік береді.

Іскерлік бағдарлама шеңберінде Халықаралық әскери ғылыми-техникалық конференция және ҰҚШҰ Әскери-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық комиссиясы жанындағы Іскерлік кеңестің, ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер өкілетті органдары үйлестіру кеңесінің жарнамалық-көрмелік қызмет мәселелері бойынша отырыстарын өткізу жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, көрмені ұйымдастырушылар іс-шара шеңберінде әскери үрмелі оркестрлердің халықаралық ІІ фестивалін өткізуді жоспарлауда. Таяу және алыс шетелдерден келген жоғары кәсіби әскери оркестрлер астаналықтар мен көрме қонақтарына tattoo show (дефиле) көрсететін болады.

**Тіркелуге өтінім беру мерзімі:2014 жылғы 14 мамырға дейін**

**Өтінімдерді mod.gov.kz сайтының «Баспасөз қызметі» бөлімінде [көрсетілген үлгіде](http://mod.gov.kz/old-kz/images/ZaKonyRK/forma_zayavki_kz.doc) ресімдеу қажет**

**E-mail****:** **korganys_baspasoz@mail.ru**

**Телефондар: +7(7172) 72-15-59, 72-16-31**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-standy-zh-ne-sheteldik-ba-kilderini-nazaryna-399855](https://yvision.kz/kk/post/aza-standy-zh-ne-sheteldik-ba-kilderini-nazaryna-399855)