---
title: "Қазақстандық қыздар Тайбэйде өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында 12 медальді жеңіп алды"
description: "Тайбэйде өтіп жатқан чемпионаттың бесінші күнінің қорытындысы бойынша 12 медаль жеңіп алған Қазақ..."
author: "kazsportagent"
published: "2015-05-22T02:09:37+00:00"
modified: "2015-05-22T02:09:37+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-standy-yzdar-taybeyde-tip-zhat-an-bokstan-lem-chempionatynda-12-medaldi-zhe-ip-aldy-503587"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-standy-yzdar-taybeyde-tip-zhat-an-bokstan-lem-chempionatynda-12-medaldi-zhe-ip-aldy-503587/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазақстандық қыздар Тайбэйде өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында 12 медальді жеңіп алды

> Тайбэйде өтіп жатқан чемпионаттың бесінші күнінің қорытындысы бойынша 12 медаль жеңіп алған Қазақ...

[!\[Қазақстандық қыздар Тайбэйде өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында 12 медальді жеңіп алды\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2015/05/20150521155242-300x183.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2015/05/20150521155242.jpg)

Тайбэйде өтіп жатқан чемпионаттың бесінші күнінің қорытындысы бойынша 12 медаль жеңіп алған Қазақстан жалпы есепте екінші орында тұр. Жартылай финалға 7 жасөспірім мен жастар командасынан 5 спортшы қыз шықты.

Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметінен хабарлады. 15 медальді жеңіп алған Ресей ғана Қазақстаннан озып келеді, бізден кейінгі орында 8 жүлде алған АҚШ, әрқайсысының 6 жүлдесі бар Қытай, Үндістан, Түркия, Украина елдері, 4 медальді еншілеген Қытайлық Тайбэй мен Ирландия бар. Италия, Моңғолия, Польша — 3 медаль жеңіп алса, КХДР, Венгрия, Тайланд — 2 жүлде, Әзербайжан, Доминикан, Ұлыбритания, Франция, Германия, Грекия, Оңтүстік Корея, Косово, Швеция және Вьетнамның қанжығасында бір-бір медальдан бар. Чемпионаттан хабар тарататын спорт тілшілері 2015 жылы Қазақстанның жасөспірімдер арасындағы чемпионы атанған Жазира Орақбаеваның (46 келі) Болгарияның үш дүркін чемпионы, 2014 жылы Еуропа құрлығы чемпионатының жүлдегері Эми-Мари Тодорованы 2:1 есебімен тізе бүктірген жекпе-жегін 5-ші күннің тосынсыйы деп атады.

Басты сөздер: [Спорт](http://www.inform.kz/kaz/searchtag/290)

АСТАНА. ҚазАқпарат

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-standy-yzdar-taybeyde-tip-zhat-an-bokstan-lem-chempionatynda-12-medaldi-zhe-ip-aldy-503587](https://yvision.kz/kk/post/aza-standy-yzdar-taybeyde-tip-zhat-an-bokstan-lem-chempionatynda-12-medaldi-zhe-ip-aldy-503587)