---
title: "Қазақстандық волейболшы жігіттер Азия чемпионатының плей-офф кезеңін сәтсіз бастады"
description: "Біріккен араб әмірлігі елінің Дубай қаласында волейболдан ерлер арасындағы ХVII Азия чемпионатының ..."
author: "kazsportagent"
published: "2013-10-02T23:23:07+00:00"
modified: "2013-10-02T23:23:07+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-standy-voleybolshy-zhigitter-aziya-chempionatyny-pley-off-keze-in-s-tsiz-bastady-377134"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-standy-voleybolshy-zhigitter-aziya-chempionatyny-pley-off-keze-in-s-tsiz-bastady-377134/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазақстандық волейболшы жігіттер Азия чемпионатының плей-офф кезеңін сәтсіз бастады

> Біріккен араб әмірлігі елінің Дубай қаласында волейболдан ерлер арасындағы ХVII Азия чемпионатының ...

[!\[Қазақстандық волейболшы жігіттер Азия чемпионатының плей-офф кезеңін сәтсіз бастады\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/10/20130930193605-1-300x183.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/10/20130930193605-1.jpg)

Біріккен араб әмірлігі елінің Дубай қаласында волейболдан ерлер арасындағы ХVII Азия чемпионатының плей-офф ойындары өтіп жатыр.

Кеше оңтүстік кореялықтарға 0:3 есебімен жеңілген қазақстандықтар бүгін енді ирактықтармен күш сынасады. Топтық сында «Е» тобының үздігі атанған кореялықтар Азия чемпионатында бұған дейін 4 дүркін жеңімпаз атанған болатын. Геннадий Паршин жаттықтыратын ел құрамасын 1/8 финалға шығу мүмкіндігінен айырған олар топтық сында ирактықтарды 3:0 есебімен ұтқан болатын. Енді қазақстандықтар 6 қазанға дейін созылатын бұл додада 9-16 орындарға ғана таласатын болды.

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Автор: [Ерлік Ержанұлы](http://www.inform.kz/kaz/searchauthor/1179)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-standy-voleybolshy-zhigitter-aziya-chempionatyny-pley-off-keze-in-s-tsiz-bastady-377134](https://yvision.kz/kk/post/aza-standy-voleybolshy-zhigitter-aziya-chempionatyny-pley-off-keze-in-s-tsiz-bastady-377134)