---
title: "Қазақстандық волейболшы жігіттер Азия чемпионатының 1/8 финалына шықты"
description: "Біріккен Араб Әмірлігі елінің Дубай қаласында волейболдан ерлер арасында ХVII Азия чемпионаты өтіп ..."
author: "kazsportagent"
published: "2013-10-01T09:52:43+00:00"
modified: "2013-10-01T09:52:43+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-standy-voleybolshy-zhigitter-aziya-chempionatyny-1-8-finalyna-shy-ty-376928"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-standy-voleybolshy-zhigitter-aziya-chempionatyny-1-8-finalyna-shy-ty-376928/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазақстандық волейболшы жігіттер Азия чемпионатының 1/8 финалына шықты

> Біріккен Араб Әмірлігі елінің Дубай қаласында волейболдан ерлер арасында ХVII Азия чемпионаты өтіп ...

[!\[Қазақстандық волейболшы жігіттер Азия чемпионатының 1/8 финалына шықты\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/10/20130930193605-300x183.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/10/20130930193605.jpg)

Біріккен Араб Әмірлігі елінің Дубай қаласында волейболдан ерлер арасында ХVII Азия чемпионаты өтіп жатыр.

Бүгін топтық сындағы ақырғы ойында Кувейт құрамасын 3:0 (25:23 25:15 25:17) есебімен ұтқан қазақстандықтар «С» тобында 2-орын алып, 1/8 финалға шықты. Сенбі күні олар 2011 жылы өз елінде өткен соңғы Азия чемпионатының жеңімпазы атанған ирандықтарға 0:3 есебмен жеңілген болатын. Дәл осындай есеппен кеше кувейттіктерді қапы қалдырған ирандықтар мүмкін болған 6 ұпаймен топ жеңімпазы атанды. Енді 1-2 қазан күндері өтетін 1/8 финалық сында қазақстандықтар «F» тобында жоғары нәтиже көрсеткен Оңтүстік Корея мен Ирак волейболшыларымен күш сынасады. Жалпы Азия чемпионатында оңтүстіккореялықтар 1989, 1993, 2001, 2003 жылдары 4 рет жеңімпаз атанған болатын. Қазақстандықтар олармен 1993 жылы ақтық сында кездесіп, күміс жүлдегер болған еді.

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Автор: [Ерлік Ержанұлы](http://www.inform.kz/kaz/searchauthor/1179)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-standy-voleybolshy-zhigitter-aziya-chempionatyny-1-8-finalyna-shy-ty-376928](https://yvision.kz/kk/post/aza-standy-voleybolshy-zhigitter-aziya-chempionatyny-1-8-finalyna-shy-ty-376928)