---
title: "Қазақстандық волейболшы қыздар Азия чемпионатының ширек финалында кореялықтарға есе жіберді"
description: "Волейболдан Таиланд еліндегі Накхонратчасимада өтіп жатқан әйелдер арасындағы ХVII Азия чемпионатын..."
author: "kazsportagent"
published: "2013-09-20T00:22:31+00:00"
modified: "2013-09-20T00:22:31+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-standy-voleybolshy-yzdar-aziya-chempionatyny-shirek-finalynda-koreyaly-tar-a-ese-zhiberdi-374877"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-standy-voleybolshy-yzdar-aziya-chempionatyny-shirek-finalynda-koreyaly-tar-a-ese-zhiberdi-374877/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазақстандық волейболшы қыздар Азия чемпионатының ширек финалында кореялықтарға есе жіберді

> Волейболдан Таиланд еліндегі Накхонратчасимада өтіп жатқан әйелдер арасындағы ХVII Азия чемпионатын...

[!\[Қазақстандық волейболшы қыздар\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/09/photo_30975-300x208.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/09/photo_30975.jpg)

Волейболдан Таиланд еліндегі Накхонратчасимада өтіп жатқан әйелдер арасындағы ХVII Азия чемпионатында Александр Гутор жаттықтыратын Қазақстан құрамасы бүгін ширек финалда Оңтүстік Корея спортшыларынан 0:3 (12:25 23:25 20:25) есебімен жеңіліс тапты.

Ал 1/8 финалдық сында Қазақстан құрамасынан 3:1 есебімен басым түскен жапондықтар ирандықтарды 3:0 есебімен ойсырата ұтты. Бүгін сондай-ақ, австралиялықтар филипиндіктерді, моңғолиялықтар мьянмалықтарды гонконгтықтар шри-ланкалықтарды, тайландтықтар тайбэйліктерді дәл осындай есеппен жеңді. 21 қыркүйекке дейін созылатын бұл додада қазақстандықтардың өткен жылғы көрсеткішін жақсартуға мүмкіндігі бар. Атап айтқанда, былтыр 9-орынды қанағат тұтқан олар,биыл алдағы сында 4-8-орындарға таласатын болады.

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Автор: [Ерлік Ержанұлы](http://www.inform.kz/kaz/searchauthor/1179)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-standy-voleybolshy-yzdar-aziya-chempionatyny-shirek-finalynda-koreyaly-tar-a-ese-zhiberdi-374877](https://yvision.kz/kk/post/aza-standy-voleybolshy-yzdar-aziya-chempionatyny-shirek-finalynda-koreyaly-tar-a-ese-zhiberdi-374877)