---
title: "Қазақстандық теннисші Я.Шведова әлемдік рейтингте 15 сатыға көтерілді"
description: "АСТАНА. ҚазАқпарат — Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова WTA-ның әлемдік рейтингінде 15 сатыға..."
author: "kazsportagent"
published: "2014-03-03T23:12:45+00:00"
modified: "2014-03-03T23:12:45+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-standy-tennisshi-ya-shvedova-lemdik-reytingte-15-saty-a-k-terildi-403496"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-standy-tennisshi-ya-shvedova-lemdik-reytingte-15-saty-a-k-terildi-403496/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазақстандық теннисші Я.Шведова әлемдік рейтингте 15 сатыға көтерілді

> АСТАНА. ҚазАқпарат — Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова WTA-ның әлемдік рейтингінде 15 сатыға...

[!\[Қазақстандық теннисші Я.Шведова әлемдік рейтингте 15 сатыға көтерілді\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/03/20130425110541-300x208.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/03/20130425110541.jpg)

АСТАНА. ҚазАқпарат — Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова WTA-ның әлемдік рейтингінде 15 сатыға көтерілді.

Айта кетейік, ақпан айының соңында Шведова Бразилиядағы турнирде жартылай финалға дейін жеткен болатын. Соның арқасында бірден 79-орыннан 64-орынға жылжыған Шведова Қазақстанның бірінші ракеткасы Галина Воскобоеваға жетіп қалды. Галина тізімде 60-орында. Зарина Дияс болса, керісінше 5 сатыға төмен сырғып, 118-орынға табан тіреген. Юлия Путинцева мен Сесиль Каратанчева 158 және 159-орындарда тұр. Ешкімге дес бермейтін Серена Уильямс рейтингтің көш басында тұр, екінші орында қытайлық спортшы Ли На жайғасса, үшінші сатыда Польша теннисшісі Агнешка Радванска келе жатыр.

Автор: [Жасұлан Жолдыбаев](http://www.inform.kz/kaz/searchauthor/1224) [!\[Қазақстандық теннисші Я.Шведова әлемдік рейтингте 15 сатыға көтерілді\](http://www.inform.kz/img/ico_twitter.png)](https://twitter.com/inform_zhas)

Басты сөздер: [Спорт](http://www.inform.kz/kaz/searchtag/290)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-standy-tennisshi-ya-shvedova-lemdik-reytingte-15-saty-a-k-terildi-403496](https://yvision.kz/kk/post/aza-standy-tennisshi-ya-shvedova-lemdik-reytingte-15-saty-a-k-terildi-403496)