---
title: "Қазақстандық теннисші Гозаль Айнитдинова Әбу-Дабиде өткен турнирде топ жарды"
description: "«Team Kazakhstan» тәлімгері Гозаль Айнитдинова Әбу-Дабиде өткен жастар арасындағы халықаралық турни..."
author: "kazsportagent"
published: "2014-01-20T01:13:12+00:00"
modified: "2014-01-20T01:13:12+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-standy-tennisshi-gozal-aynitdinova-bu-dabide-tken-turnirde-top-zhardy-396472"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-standy-tennisshi-gozal-aynitdinova-bu-dabide-tken-turnirde-top-zhardy-396472/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазақстандық теннисші Гозаль Айнитдинова Әбу-Дабиде өткен турнирде топ жарды

> «Team Kazakhstan» тәлімгері Гозаль Айнитдинова Әбу-Дабиде өткен жастар арасындағы халықаралық турни...

[!\[Гозаль Айнитдинова\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/01/20140120113357-300x183.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/01/20140120113357.jpg)

«Team Kazakhstan» тәлімгері Гозаль Айнитдинова Әбу-Дабиде өткен жастар арасындағы халықаралық турнирде жеңіске жетті, деп хабарлады Қазақстан теннис Федерациясынан.

Ақтық сында Гозаль Ұлыбритания өкілінен — 3-6, 6-3, 6-3 есебімен басым түсті. Алғашқы кезеңде жерлесіміз түркімендік теннисші Джахана Байрамовадан 6-4, 6-3 есебімен озды. Екінші кезеңде үндістандық Рикетха Перейрамен кездесті. Кездесу — 6-1, 6-2 есебімен қазақстандық спортшының пайдасына шешілді. Ширек финалда қазақстандық теннисші ресейлік Анастасия Чикалкинаны 6-4, 6-2 есебімен артта қалдырды. Ал жартылай финалда Гозаль ресейлік Ралина Калимуллинамен қайта ойнауға тура келді. Есеп — 7-6(1), 6-4.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-standy-tennisshi-gozal-aynitdinova-bu-dabide-tken-turnirde-top-zhardy-396472](https://yvision.kz/kk/post/aza-standy-tennisshi-gozal-aynitdinova-bu-dabide-tken-turnirde-top-zhardy-396472)