---
title: "«Қазақстандықтардың қаржылық сауаттылығы» туралы алғашқы зерттеу қорытындысы жарияланды"
description: "Ағымдағы жылдың 12-наурызында \"Интерфакс - Қазақстан\" баспасөз орталығында 27 қаңтар - 12 ақпан ара..."
author: "Nazarda"
published: "2014-03-15T01:59:29+00:00"
modified: "2014-03-15T02:38:17+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-standy-tardy-arzhyly-sauattyly-y-turaly-al-ash-y-zertteu-orytyndysy-zhariyalandy-405314"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-standy-tardy-arzhyly-sauattyly-y-turaly-al-ash-y-zertteu-orytyndysy-zhariyalandy-405314/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Қазақстандықтардың қаржылық сауаттылығы» туралы алғашқы зерттеу қорытындысы жарияланды

> Ағымдағы жылдың 12-наурызында "Интерфакс - Қазақстан" баспасөз орталығында 27 қаңтар - 12 ақпан ара...

Ағымдағы жылдың 12-наурызында "Интерфакс - Қазақстан" баспасөз орталығында 27 қаңтар - 12 ақпан аралығында өткізілген "Қазақстандықтардың қаржылық сауаттылығы" туралы алғашқы зерттеу қорытындысы жарияланды.

![«Қазақстандықтардың қаржылық сауаттылығы» туралы алғашқы зерттеу қорытындысы жарияланды](https://storage.yvision.kz/images/user/nazarda/laMII53abgbilCfDw7Pr9f07muJR45.jpg)

Еліміздің 14 облысын қамтыған бұл зерттеу нәтижесі 1200 қаржылық қызметті тұтынушының жауаптарын қорытындылау барысында жасалды.

Респонденттердің қаржылық сауатын тексеру мақсатымен 55 сұрақ қойылды. Сауалдардың қойылуы барысындағы зерттеу нысандарын 5-ке жіктеуге болады:
- қаржылық қызметтің орындалуына тұтынушының баға беруі;
- тұтынушының қаржылық сауаттылық деңгейін тексеру;
- тұтынушының қаржылық тәртібін (қылығын) байқау;
- отбасы бюджетінің жоспарлануына баға беру;
- тұтынушы таңдауын білу: банктер, қаржылық қызметтер, т.б.;

Баспасөз конференциясына қатысқандардың сұрағына kaspi bank басқарма төрағасы Михаил Ломтадзе, халықаралық экономикалық сауаттылық орталығының басшылары - Салтанат Жарасова мен Гүлмира Арбабаева жауап беріп отырды.

![«Қазақстандықтардың қаржылық сауаттылығы» туралы алғашқы зерттеу қорытындысы жарияланды](https://storage.yvision.kz/images/user/nazarda/ycVklj0baxQhQ158o2A2fGA57l7dlb.jpg)

![«Қазақстандықтардың қаржылық сауаттылығы» туралы алғашқы зерттеу қорытындысы жарияланды](https://storage.yvision.kz/images/user/nazarda/dXDOHRfld9c7G0xqOv9GDem7dSF4CL.jpg)

Зерттеу нәтижелерін келесі инфографикадан қараңыз.

![«Қазақстандықтардың қаржылық сауаттылығы» туралы алғашқы зерттеу қорытындысы жарияланды](https://storage.yvision.kz/images/user/nazarda/CPYIlzSDZU8Gl6McNxzlZvObj68G87.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-standy-tardy-arzhyly-sauattyly-y-turaly-al-ash-y-zertteu-orytyndysy-zhariyalandy-405314](https://yvision.kz/kk/post/aza-standy-tardy-arzhyly-sauattyly-y-turaly-al-ash-y-zertteu-orytyndysy-zhariyalandy-405314)