---
title: "Қазақстандықтар «Канвон-2024» Олимпиадасында үшінші медальді қанжығаға байлады"
description: "Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан «Канвон-2024» IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасында Қазақстан..."
author: "seri.jigit"
published: "2024-01-25T05:46:30+00:00"
modified: "2024-01-25T05:46:30+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-standy-tar-kanvon-2024-olimpiadasynda-shinshi-medaldi-anzhy-a-a-baylady-1000268"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-standy-tar-kanvon-2024-olimpiadasynda-shinshi-medaldi-anzhy-a-a-baylady-1000268/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазақстандықтар «Канвон-2024» Олимпиадасында үшінші медальді қанжығаға байлады

> Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан «Канвон-2024» IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасында Қазақстан...

Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан «Канвон-2024» IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасында Қазақстан қоржынына кезекті жүлде түсті.

![Қазақстандықтар «Канвон-2024» Олимпиадасында үшінші медальді қанжығаға байлады](https://storage.yvision.kz/images/user/577778/c1fa38163aa4934f54ccbfc1723e96.jpg)

Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитетінің хабарлауынша, қысқы жасөспірімдер Олимпиадасында алғаш рет 3×3 хоккейден жүлде жиынтығы сарапқа салынған. Қазақстан құрамасы бұл сында үшінші орынға табан тіреді. 3-орын үшін өткен тартысты ойында жерлестеріміз Аустриядан 6:5 есебімен басым түсті.

Қазақстан - Аустрия 6:5 (4:1, 1:2, 1:2).

Айта кетейік, IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасында Қазақстан бүгінге дейін 1 алтын және 2 қола жүлдені қанжығаға басты.

Алтын медальді Илья Мизерных бірінші (шаңғымен секіру) болып әкелсе, одан кейін Полина Омельчук шорт-тректен қола жүлде иеленген еді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-standy-tar-kanvon-2024-olimpiadasynda-shinshi-medaldi-anzhy-a-a-baylady-1000268](https://yvision.kz/kk/post/aza-standy-tar-kanvon-2024-olimpiadasynda-shinshi-medaldi-anzhy-a-a-baylady-1000268)