---
title: "Қазақстандықтар ағылшын тілін қандай деңгейде біледі?"
description: "Жыл сайынғы әлемнің әртүрлі елдерінің ағылшын тілін меңгеруін зерттейтін English Proficiency Index ж..."
author: "Anuarbek_Ainash"
published: "2018-06-24T10:50:01+00:00"
modified: "2018-06-29T06:51:48+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-standy-tar-a-ylshyn-tilin-anday-de-geyde-biledi-808040"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-standy-tar-a-ylshyn-tilin-anday-de-geyde-biledi-808040/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазақстандықтар ағылшын тілін қандай деңгейде біледі?

> Жыл сайынғы әлемнің әртүрлі елдерінің ағылшын тілін меңгеруін зерттейтін English Proficiency Index ж...

Жыл сайынғы әлемнің әртүрлі елдерінің ағылшын тілін меңгеруін зерттейтін English Proficiency Index жобасында 2017 жылғы нәтиже бойынша Қазақстан 45,95 индексімен барлық зерттеуге қатысқан 80 елдің ішінде 67-ші орынды иеленді.

Бұл индекске сәйкес Қазақстанның көрсеткіші «өте төмен» деген деңгейде. Аталған көрсеткіш осы зерттеуді жүргізген компанияның ресми сайтында көрсетілген.

EF EPI индексінде тек ағылшын тілі негізгі қолданыстағы тіл емес болып табылатын елдер қарастырылады.

Жоғарыда аталған компанияның зерттеулеріне сәйкес соңғы үш жылда елімізде ағылшын тілін меңгеру деңгейі төмендеген, мәселен, 2014-2016 жылдары Қазақстан аталған рейтингте 56-шы орынды иеленген. Елімізде әйел адамдардың ағылшын тілін білу деңгейі ерлерге қарағанда сәл жоғарырақ.

Азия елдері арасында Қазақстан 20 жолақтың 17-шісінде орналасты.

Ағылшын тілін ең жоғары деңгейде меңгерген елдер қатарында Нидерланды, Швеция, Дания, Норвегия, Сингапур,Финляндия, Люксембург және ОАР. «Төмен» деңгейде деген бағаға Ресей мен Украина елдері ие болды, сәйкес – 38-ші, 47-орындармен. Ал Әзірбайжан халқы ағылшын тілін Қазақстан сияқты «өте төмен» деңгейде біледі, 64-орын.

«Өие төмен» деңгей дегеніміз халықтың аға буыны өзі туралы өте қарапайым сипаттап айтып бере алады (аты-жөнін, жасын, елін), қарапайым белгілерді түсінеді, шет елдік туристке өте қарапайым нұсқаулар бере алады

Мектептерде үш тілді білім беру жүйесіне көшу өткен жылы басталды, былтырдан бері 500 сынып ағылшын тілінде білім ала бастаған-ды. Ағылшын тілінде 1 500 пән мұғалімдері сабақ бере бастады. Үш тілде білім беру жүйесі жоспарлы түрде, нақты жобаға сәйкес енгізілуде.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-standy-tar-a-ylshyn-tilin-anday-de-geyde-biledi-808040](https://yvision.kz/kk/post/aza-standy-tar-a-ylshyn-tilin-anday-de-geyde-biledi-808040)