---
title: "Қазақстандық судьялар делегациясы Бүкілресейлік судьялардың IX съезіне қатысты"
description: "Үстіміздегі жылдың 6-8 желтоқсаны аралығында Жоғарғы Соттың Төрағасы Қайрат Мәми бастаған қазақстанд..."
author: "SUD_RK"
published: "2016-12-06T05:26:43+00:00"
modified: "2016-12-06T05:26:43+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-standy-sudyalar-delegaciyasy-b-kilreseylik-sudyalardy-ix-sezine-atysty-734480"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-standy-sudyalar-delegaciyasy-b-kilreseylik-sudyalardy-ix-sezine-atysty-734480/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазақстандық судьялар делегациясы Бүкілресейлік судьялардың IX съезіне қатысты

> Үстіміздегі жылдың 6-8 желтоқсаны аралығында Жоғарғы Соттың Төрағасы Қайрат Мәми бастаған қазақстанд...

Үстіміздегі жылдың 6-8 желтоқсаны аралығында Жоғарғы Соттың Төрағасы Қайрат Мәми бастаған қазақстандық судьялар делегациясы Бүкілресейлік судьялардың IX съезіне қатысты.

Форум Ресей Федерациясының Президенті В.В. Путиннің қатысуымен Мәскеу қаласындағы Одақтар үйінің Колонна залында өтті. Съезд төрт жылда бір рет өткізіледі және Ресей Федерациясының барлық субъектілерінен судьялар қоғамдастығының өкілдерін жинайды.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы съездің ашылуында құттықтау сөз сөйледі. Ол іс-шараға қатысушыларды съезд жұмысының басталуымен құттықтап, форумның Ресейдің сот жүйесін және жалпы мемлекетті дамытудағы ерекше маңызды екенін атап өтті. Сондай-ақ, жақында Қазақстанда республика судьяларының VII съезі өткені атап өтілді.

«Географиялық жағынан көршілестігіміз және Ресей тарихының өткенімен ортақтастығымыз біз үшін халықаралық ынтымақтастықтың барлық саласы бойынша басты серіктестік пен одастастықтың негізі болып саналады. Біздің ресейлік әріптестерімізбен өте жақсы іскерлік және достық қарым-қатынастарымыз қалыптасқан, бұл біздің елдеріміздің соттары арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға септігін тигізеді», - деп атап өтті өз сөзінде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы.

Сонымен қатар, Қ. Мәми Қазақстан Ресейде жүргізіліп жатқан сот реформасына үлкен қызығушылық танытатынын, қазақстандық сот төрелігі жүйесін жетілдіру ісінде озық практиканы пайдалану мүмкіндігін қарастыру үшін ресейлік тәсілдемені зерделейтінін айтты. Сот жүйесіндегі ынтымақтастықты одан әрі дамыту екіжақты деңгейде де, көптарапты форматта да ортақ тұрақтылыққа қол жеткізуге, екі елдің заңдылығы мен құқықтық тәртібін нығайтуға септігін тигізетініне сенім білдірілді.

Сөз соңында Қазақстан Жоғарғы Сотының Төрағасы Бүкілресейлік судьялардың IX съезінің делегаттары мен форумға қатысушыларға белсенді және жемісті жұмыс, форумда алға қойылған сот төрелігін жетілдіру жөніндегі барлық міндеттің шешімін табуын тіледі.

Бұған қоса, ағымдағы жылғы 7 желтоқсанда қазақстандық делегация Жоғары арбитраждық, шаруашылық, экономикалық және экономика (төрағалар кеңесі) саласы бойынша дауларды шешетін өзге соттар төрағалары Кеңесінің 13-отырысына қатысады.

Күн тәртібіне экономикалық даулар бойынша сот шешімдерін өзара тиімді орындау жөнінде Төрағалар Кеңесіне қатысушы-мемлекеттердің сот практикасын талдап қорыту туралы мәселелер, азаматтық және экономикалық істерді қарау бойынша бірыңғай процестік кодекс тұжырымдамасы туралы, сот арқылы заңды тұлғаларды мәжбүрлеп жоюдың кейбір мәселелері қойылған.

Төрағалар Кеңесінің құрамына 8 мемлекеттің: Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Молдова Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы және Украинаның сот жүйесінің бірінші басшылары кіреді. Сондай-ақ, кеңесші дауыс беру құқығымен Кеңеске ТМД Экономикалық Сотының төрағасы мен Молдова Республикасы Жоғары сот палатасының төрағасы енген.

Кеңес 2002 жылы құрылған, жылына бір рет жиналады. Кеңесті құрудағы мақсат – мемлекетаралық ынтымақтастықты одан әрі дамыту және экономикалық даулар бойынша өзара тиімді құқықтық көмек аясын кеңейту. Кеңестің негізгі міндеттерінің бірі – өзге аумақтағы бір мемлекеттің соттарының шешімін орындау бойынша күш біріктіру, шаруашылық заңдылық саласында және экономикалық дауларды шешу кезінде сот өнідірісінің нормалары бойынша тәжірибе алмасу болып табылады.

[http://sud.gov.kz/kaz/news/kazakstandyk-sudyalar-delegaciyasy-bukilreseylik-sudyalardyn-ix-sezine-katysty](http://sud.gov.kz/kaz/news/kazakstandyk-sudyalar-delegaciyasy-bukilreseylik-sudyalardyn-ix-sezine-katysty)

![](https://storage.yvision.kz/images/user/sud_rk/67BE8rxE4v4uj3jJhquGjMSKsrEPGO.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-standy-sudyalar-delegaciyasy-b-kilreseylik-sudyalardy-ix-sezine-atysty-734480](https://yvision.kz/kk/post/aza-standy-sudyalar-delegaciyasy-b-kilreseylik-sudyalardy-ix-sezine-atysty-734480)