---
title: "Қазақстандық спортшылар көшпелілердің Бүкіләлемдік ойындарында 28 медальді жеңіп алды"
description: "Шолпан-Атада 9-14 қыркүйек аралығында өткен көшпелілердің Бүкіләлемдік ойындарында қазақстандық ..."
author: "kazsportagent"
published: "2014-09-14T23:11:11+00:00"
modified: "2014-09-14T23:11:11+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-standy-sportshylar-k-shpelilerdi-b-kil-lemdik-oyyndarynda-28-medaldi-zhe-ip-aldy-429564"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-standy-sportshylar-k-shpelilerdi-b-kil-lemdik-oyyndarynda-28-medaldi-zhe-ip-aldy-429564/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазақстандық спортшылар көшпелілердің Бүкіләлемдік ойындарында 28 медальді жеңіп алды

> Шолпан-Атада 9-14 қыркүйек аралығында өткен көшпелілердің Бүкіләлемдік ойындарында қазақстандық ...

[!\[Қазақстандық спортшылар көшпелілердің Бүкіләлемдік ойындарында 28 медальді жеңіп алды\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/09/20140913212604-300x183.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/09/20140913212604.jpg) Шолпан-Атада 9-14 қыркүйек аралығында өткен көшпелілердің Бүкіләлемдік ойындарында қазақстандық спортшылар 12 алтын, 8 күміс және 8 қола медальдарды жеңіп алды, деп хабарлады біздің спорт делегациясын басқарып барған ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ұлттық спорт түрлері басқармасының жетекшісі Мақсат Қойшыбаев. 12 алтын медальдың 6-уы — «қазақша күрестен», 3-уі — «тоғыз коргоолдан», 1-уі — «қырғыз күресінен» және 1-уі 2400 метрлік ат жарысынан. 8 күміс медальдің 4-уі — «қазақша күрестен», бір-бірден — «тоғыз коргоол», «қырғыз күресі», «құнан шабыс» және «аламан бәйге» ойындарынан болды. Қалған 8 қола медальдің 4-уі «қырғыз күресі», 2-уі «Эр эниш» (қазақтың аударыспағы сияқты), бір-бірден — «қазақша күрес» пен «алыш» (қырғыз күресі) спорт түрлерінен. «Ойындарға 18 шетел өкілдері қатысты, қазақстандық спорт делегациясы 52 адамды құрады», — деп атап өтті Мақсат Қойшыбаев. Кешке атшабарда көшпелілердің Бүкіләлемдік бірінші ойындарының ресми жабылуы өтеді.

Басты сөздер: [Спорт](http://www.inform.kz/kaz/searchtag/290) , [Қырғызстан](http://www.inform.kz/kaz/searchtag/1465) , [ҚР Мәдениет және спорт министрлігі](http://www.inform.kz/kaz/searchtag/1546)

ШОЛПАН-АТА. ҚазАқпарат

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-standy-sportshylar-k-shpelilerdi-b-kil-lemdik-oyyndarynda-28-medaldi-zhe-ip-aldy-429564](https://yvision.kz/kk/post/aza-standy-sportshylar-k-shpelilerdi-b-kil-lemdik-oyyndarynda-28-medaldi-zhe-ip-aldy-429564)