---
title: "Қазақстандық спортшы — күміс жүлдегер"
description: "Финляндияның Саариселька қаласында өткен халықаралық жарыста шаңғышылар 10 шақырымға классикалық ст..."
author: "kazsportagent"
published: "2013-11-24T23:38:18+00:00"
modified: "2013-11-24T23:38:35+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-standy-sportshy-k-mis-zh-ldeger-386571"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-standy-sportshy-k-mis-zh-ldeger-386571/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазақстандық спортшы — күміс жүлдегер

> Финляндияның Саариселька қаласында өткен халықаралық жарыста шаңғышылар 10 шақырымға классикалық ст...

[!\[Денис Волотка\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/11/7200_b-207x300.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/11/7200_b.jpg)

Финляндияның Саариселька қаласында өткен халықаралық жарыста шаңғышылар 10 шақырымға классикалық стильмен жарысқан болатын.

Қазақстандық шаңғышы Денис Волотка айтулы турнирде күміс жүлде жеңіп алды. Оның көрсеткіші — 26.20,7.

Бұл сында бас бәйгені ресейлік шаңғышы Дмитрий Япаров қанжығасына байлады. Қола жүлде тағы да бір ресейлік Александр Бессмертныхтің еншісінде, деп хабарлады alasharena.kz.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-standy-sportshy-k-mis-zh-ldeger-386571](https://yvision.kz/kk/post/aza-standy-sportshy-k-mis-zh-ldeger-386571)