---
title: "Қазақстандық шахматшы Жансая Әбдімәлік әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды"
description: "Ханты-Мансийск қаласында шахматтан 20 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионатында қыздар а..."
author: "kazsportagent"
published: "2015-09-16T03:04:34+00:00"
modified: "2015-09-16T03:04:34+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-standy-shahmatshy-zhansaya-bdim-lik-lem-chempionatyny-ola-zh-ldegeri-atandy-541272"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-standy-shahmatshy-zhansaya-bdim-lik-lem-chempionatyny-ola-zh-ldegeri-atandy-541272/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазақстандық шахматшы Жансая Әбдімәлік әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

> Ханты-Мансийск қаласында шахматтан 20 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионатында қыздар а...

[!\[\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2015/09/20150915184246-300x183.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2015/09/20150915184246.jpg)

Ханты-Мансийск қаласында шахматтан 20 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионатында қыздар арасында Жансая Әбдімәлік үшінші орын иеленді.

Бұл жарыста 10 ұпай жинаған Украина шахматшысы Наталья Букса жеңімпаз атанды. Екінші орында — 13 ұпайдың 9,5 ұпайын жинаған ресейлік Алина Бивол. Үшінші орынды 9,5 ұпаймен Жансая Әбдімәлік жеңіп алды, деп жазады Sports.kz. Чемпион атағынан басқа, шахматшылар сондай-ақ ұйымдастыру комитетінің жүлде қорын таласқа салды. Оны алған орындарына байланысты әлем чемпионатының ер адамдар мен әйелдер арасындағы жарыстардың жүлдегерлері бөліп алады.

Басты сөздер: [Спорт](http://www.inform.kz/kaz/searchtag/290)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-standy-shahmatshy-zhansaya-bdim-lik-lem-chempionatyny-ola-zh-ldegeri-atandy-541272](https://yvision.kz/kk/post/aza-standy-shahmatshy-zhansaya-bdim-lik-lem-chempionatyny-ola-zh-ldegeri-atandy-541272)