---
title: "Қазақстандық полицейлер 12 миллион тұратын кроссоверлерге міне бастады"
description: "Қазақстандық полицейлер құны 12 млн-нан асатын кроссоверлерге міне бастады.Мемлекеттік сатып алу пор..."
author: "qazagym"
published: "2021-09-22T12:46:14+00:00"
modified: "2021-09-22T12:46:14+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-standy-policeyler-12-million-t-ratyn-krossoverlerge-mine-bastady-948948"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-standy-policeyler-12-million-t-ratyn-krossoverlerge-mine-bastady-948948/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазақстандық полицейлер 12 миллион тұратын кроссоверлерге міне бастады

> Қазақстандық полицейлер құны 12 млн-нан асатын кроссоверлерге міне бастады.Мемлекеттік сатып алу пор...

Қазақстандық полицейлер құны 12 млн-нан асатын кроссоверлерге міне бастады.

Мемлекеттік сатып алу порталында көрсетілген мәліметке жүгінер болсақ, Ақтөбе облысының полиция департаменті 147 млн 480 мың теңгеге 12 автокөлік сатып алып жатыр. Әрқайсысың құны – 12 млн 290 мың теңге.

Техникалық ерекшеліктеріне сүйенер болсақ, бұл полицейлер мініп жүрген Hyundai Tucson көлігінің үшінші буыны емес – жаңа, төртінші буыны. Комплектациясы ең қарапайымы таңдалыпты. Орындығы жылытылмайды, былғары түрі емес, қорабы – механика, төрт дөңгелегі бірдей қозғалады, қозғалтқыш көлемі – 2 л.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-standy-policeyler-12-million-t-ratyn-krossoverlerge-mine-bastady-948948](https://yvision.kz/kk/post/aza-standy-policeyler-12-million-t-ratyn-krossoverlerge-mine-bastady-948948)