---
title: "Қазақстандық ойыншықтар дегенде Қыдырәлі ағамыз ғана емес, артынан ерген жастар да өз істерін ашса деген үкілі үміт қана мендегі"
description: "Баршамызға мәлім, шет мемлекеттер Қазақстанға өздерінің экспорттағы тауарларын тасуда. Оның ішінде,..."
author: "inkut"
published: "2016-03-15T06:49:37+00:00"
modified: "2016-04-11T13:47:42+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-standy-oyynshy-tar-degende-ydyr-li-a-amyz-ana-emes-artynan-ergen-zhastar-da-z-isterin-ashsa-dege-682879"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-standy-oyynshy-tar-degende-ydyr-li-a-amyz-ana-emes-artynan-ergen-zhastar-da-z-isterin-ashsa-dege-682879/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазақстандық ойыншықтар дегенде Қыдырәлі ағамыз ғана емес, артынан ерген жастар да өз істерін ашса деген үкілі үміт қана мендегі

> Баршамызға мәлім, шет мемлекеттер Қазақстанға өздерінің экспорттағы тауарларын тасуда. Оның ішінде,...

![](https://storage.yvision.kz/images/user/inkut/T4eDl2r0KWbEZzTR8QhSj49PodUXCV.jpg)

Баршамызға мәлім, шет мемлекеттер Қазақстанға өздерінің экспорттағы тауарларын тасуда. Оның ішінде, ішіп-жейтін тамағымыз, киінетін киіміміз, қолданатын техникаларымыз және жүріп-тұруға қажет көлігіміз де кіреді. Мен бүгін аталған тауарлардың ішіне кіретін балаларға арналған ойыншықтар жайлы сөз еткім келіп отыр. Қалай ойлайсыздар ойыншықтарды шығарудан қай ел бірінші орында тұр? Әрине, Қытай. Ал енді, мына мәліметке назар салсаңыздар. 2007 жылы BBC News британдық телеканалы Қытайдағы 1726 ойыншық фабрикаларын тексеру барысында 764 мекемелерінен экспорттық лицензия алып тастағаны жөнінде хабар таратады. Бұл дегеніміз экспортқа шығатын ойыншықтардың тең жартысы стандартқа сай емес сатылады. Әсіресе, 5 мың ойыншытар фабрикасы бар Гуандон қаласынан экспортқа 80% -ы шығады екен. Әлдекімге бұл пайыздар мен сандардың еш мағынасы болмауы мүмкін. Дегенмен, сол өндірістерден шығатын қуыршақтармен тікелей біреуімізідің ұл-қыздарымыз, енді біреулердің іні-қарындастарымыз ойнап жатады. Мұнда көтергім келіп отырған екі үлкен мәселе бар. Біріншісі, стандарт бойынша сай келмейтін улы ойыншықтардың Қазақстанда сатылуы болса, екінші мәселе ойыншықтардың түр-келбеті арқылы балалардың психикаға тигізер зияны жайында.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/inkut/Rn0Cs7v8BypcCA48XdO3COTvqCE5BR.jpg)

Ата-ана балаларға жылтыраған қытай ойыншықтарын сатып алуға құштар.Алайда, оның негізі химиялық өндірістің қалдықтарынан жасалынатындықтан баланың миын зақымдап, көру қабілетін төмендетіп, кемтарлыққа ұшырататынынан көп жағдайда хабарсыз. Бұл улы әрі зиянды ойыншықтардың құрамында мөлшерден бірнеше есе көп мырыш бар бояуларды қосып, пайдаланғаны анықталды. Сонымен қатар қытайлық ойыншықтар құрамында аса зиянды улы зат — фенолдың көрсеткіші де бірнеше есе көп екендігі және шығатын дыбыстардың талаптан асып түсетіні де белгілі болды. Тіпті сәбилерге арналған сыңғырлақтардың болашақта баланы керең, саңырау болып қалуына әкеліп соғатыны дәлелденген. Бір жасқа толмаған балаларға арналған жұмсақ резеңкенің құрамындағы кадмий мен қорғасын мөлшері де өте көп. Енді ойлап қараңызшы, иммунитеті әлі қатпаған, ана сүтін еміп жүрген бүлдіршін қандай дертке душар болуы мүмкін? Мұндай улы ойыншықтар баланы тек қана аллергиялық ауруға ұшыратып қоймайды, сонымен қоса асқазан, ішек ауруларына да ұшыратады екен.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/inkut/FPLG5Q6Di5Q86Gl4N4mkGKUPbK35tB.jpg) Ал енді, ойыншықтар әртүрлі стандарттардан өтсе де, психологиялық жағынан алып қарағанда одан да күрделі жағдайға әкеліп соғады. Менің айтқым келіп отырғаны балалардың жүйке-жүйесіне, сана-сезіміне әсер ететін рухани ауру жайлы болмақ. Шет мемлекеттердің бейкүнә балалар арқылы жасырын соғыс жүргізіп жатқанын бірі білсе, бірі білмес. Жас қыздарымызға бет-әлпеті жалмауызкемпірге ұқсас, тісі азулы, шашы көк не қызыл, кигені қара түсті қып-қысқа көйлектер. Сол қуыршақтар жас қазақ қыздарына нәзік жанды, аялы, тәрбиелі-инабатты деген қазақтың болмысын жоққа шығарып, дертке айналған МОДА деген сөзді қосып алып, жағымсыз нәрселерді насихаттап жатқандай. Іші ашылатын екі қабат қуыршақтар, жын-шайтанға ұқсас «қаһармандар» қазақтың болмыс-бітіміне тән емес сияқты. Ертеңгі еліміздің болашағы деп үміт артып отырған ұрпақты мәңгүрт жасау емес біздің мақсат. Әркім елей бермейтін істерден баланың бітімі қатаяды, сүйегі қатпаған тал шыбықтай жастардың аяғынан нық тұрып, дұрыс шешім қабылдап, адам болып кетуі басқа Қытай, Америка, не Еуропаның мақсаты емес. Бізбен, сіздің мақсатымыз. Сондықтан мен барша қазақстандықтарды отандық өнімдерімізді ашуға шақырамын. Қазақстандық ойыншықтар фабрикасы дегенде бір бетке ұстар Қыдырәлі ағамыз ғана емес, сол кісінің артынан ерген жастар да өз істерін ашса деегн бір үкілі үміт қана мендегі. Сол ойыншықтардың қаһарманы етіп шетелдік мультфильмдерді емес, өзіміздің отандық «Балапан» арнасынан алса деп ойлаймын. Ол үшін мультфильмдердің де сапасы жақсарар еді, балалар Nickelodeon мен Ti-ji көрмей, қазақстандық каналдырадан да жақсы, сапалы ең бастысы мағынасы терең мультфильмдер мен ертегілерді тыңда өссе нұр үстіне нұр болар еді.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/inkut/1063ef3r4qo11pIsX58LxcMzVPT6jt.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-standy-oyynshy-tar-degende-ydyr-li-a-amyz-ana-emes-artynan-ergen-zhastar-da-z-isterin-ashsa-dege-682879](https://yvision.kz/kk/post/aza-standy-oyynshy-tar-degende-ydyr-li-a-amyz-ana-emes-artynan-ergen-zhastar-da-z-isterin-ashsa-dege-682879)