---
title: "Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанат Жақиянов WBA (Interim) тұжырымы бойынша Әлем чемпионы атағын иеленді"
description: "Монте-Карлода жеңіл салмақ дәрежесінде (53,5 келіге дейін) қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанат Жақиян..."
author: "TRK_kaz"
published: "2015-11-07T23:55:38+00:00"
modified: "2015-11-07T23:55:38+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-standy-k-sip-oy-boksshy-zhanat-zha-iyanov-wba-interim-t-zhyrymy-boyynsha-lem-chempiony-ata-yn-ie-635732"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-standy-k-sip-oy-boksshy-zhanat-zha-iyanov-wba-interim-t-zhyrymy-boyynsha-lem-chempiony-ata-yn-ie-635732/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанат Жақиянов WBA (Interim) тұжырымы бойынша Әлем чемпионы атағын иеленді

> Монте-Карлода жеңіл салмақ дәрежесінде (53,5 келіге дейін) қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанат Жақиян...

Монте-Карлода жеңіл салмақ дәрежесінде (53,5 келіге дейін) қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанат Жақиянов пен венесуэлалық Йонфрес Парехо арасындағы жекпе-жек аяқталды.

![Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанат Жақиянов WBA (Interim) тұжырымы бойынша Әлем чемпионы атағын иеленді](http://storage.yvision.kz/images/user/trk_kaz/CzV5gFZCCY7HVKpWUVymRUNjeoNhW1.png)

12 раундқа созылған кездесуде төрешілер шешімі бойынша қазақстандық боксшы жеңіске жетіп, WBA (Interim) тұжырымы бойынша Әлем чемпионы атанды.

Осылайша Жанат Жақиянов кәсіпқой рингтегі өзінің 26-шы жеңісіне (19-ы нокаут) қол жеткізді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-standy-k-sip-oy-boksshy-zhanat-zha-iyanov-wba-interim-t-zhyrymy-boyynsha-lem-chempiony-ata-yn-ie-635732](https://yvision.kz/kk/post/aza-standy-k-sip-oy-boksshy-zhanat-zha-iyanov-wba-interim-t-zhyrymy-boyynsha-lem-chempiony-ata-yn-ie-635732)