---
title: "Қазақстандық экономиканың еуразиялық бірлестікке қатысуы ТШИ ағымын 65%-ға дейін арттырды"
description: "Тәуелсіздік күні қарсаңында «Strategy2050.kz» АА Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың әр жылдары ..."
author: "Anuarbek_Ainash"
published: "2015-11-11T10:41:06+00:00"
modified: "2015-11-11T10:41:06+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-standy-ekonomikany-euraziyaly-birlestikke-atysuy-tshi-a-ymyn-65-a-deyin-arttyrdy-636603"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-standy-ekonomikany-euraziyaly-birlestikke-atysuy-tshi-a-ymyn-65-a-deyin-arttyrdy-636603/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазақстандық экономиканың еуразиялық бірлестікке қатысуы ТШИ ағымын 65%-ға дейін арттырды

> Тәуелсіздік күні қарсаңында «Strategy2050.kz» АА Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың әр жылдары ...

Тәуелсіздік күні қарсаңында «Strategy2050.kz» АА Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың әр жылдары ұсынған жаһандық бастамаларының 10-дығын жариялайды.

1994 жылы М.В.Ломоносов атындағы ММУ-де Қазақстан Президенті алғаш рет Еуразиялық одақ құру туралы идеясын ұсынды. Нұрсұлтан Назарбаевтың еуразиялық туралы идеясы мыңдағын жылдар бойы еуразиялық халықтардың рухани-адамгершілік және мәдени-тарихи қарым қатынасына негізделген. Еуразиялықтың негізінде ашықтық, төзімділік, жаңашылдықты және пайдалы дүниені қабылдауға деген дайындық жатыр. Қазіргі таңда еуразиялық бастама бұрынғы КСРО аумағында, атап айтқанда Қазақстанның еуразиялық идеясы соңғы кездегі экономикалық интеграциямен үндеседі – Кедендік одақ, Бірыңғай экономикалық кеңістік (БЭК) пен Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО).

«Жалпы Қазақстанның еуразиялық бастамасына бастау 1991 жылы берілді деуге болады. Ол кезде Н.Назарбаев Алматыда бұрынғы одақтар елдердің басшыларының кездесуін өткізуді, бұрынғы бірыңғай экономикалық, әлеуметтік және мәдени кеңістіктің тарап кетуіне жол бермеуге шақырды. Осылайша Қазақстанның евразиялық интеграциясының тарихы ТМД елдерінің пост кеңестік кезеңнен кейінгі тарихымен пара-пар деуге болады», - деді ҚР Президенді жанындағы Қазақстан стратегиялық зертеулер институтының бас ғылыми қызметкері, экономика ғылымдарының докторы Вячеслав Додонов «Strategy2050.kz» АА берген эксклюзивті сұхбатында.

Сарапшының айтуынша, экономикалық байланыстар орнатпай, экономикалық интеграциясыз өмір сүре алмаймыз. ЕАЭО - біздің болашағымыздың серпіні.

«Кедендік одақ пен БЭК жұмыстарының алғашқы жылдары серпіннің бар екенін дәлелдеді - 2011-2012 жылдары экономикалық ынтымақтастықтың негізгі көрсеткіштері жоғары жылдамдықпен өсе бастады. 2013-2014 жылдары өзара сауда саттық жылдамдығы біршама төмендеді, бірінші кезекте бұл шикізат бағасының төмендеуімен байланысты. Бұл тауар айналымының басым бөлігін құрады», - деп түсіндірді ол.

Осы ретте экономика ғылымдарының докторы атап өткендей, қазақстандық экономиканың еуразиялық интеграциялық бірлестікке қатысуы өзара сауда көлемін арттырды. Сонымен қатар, тікелей шетелдік инвестициялар ағымы айтарлықтай өсті.

«Мысалы, 2010-2014 жылдар аралығында тікелей шетелдік инвестиция Беларусиядан 5 есе өсті (42 ден 202 млн долларға дейін), Ресейден – 65%-ға ( 952-ден 1570 млн долларға дейін) арты. Бұл жалпы осы кезеңдегі 7% ТШИ өсімінен айтарлықтай жоғары. Бұдан басқа, Қазақстанның әлем бойынша инвесторлар арасында инвестициялық тартымдылығы өсті. Кедендік одақ құрылған төрт жыл ішінде қайта өңдеу өндірісіне 27 млрд доллар инвестиция тартылды – бұл алдағы төрт жылмен салыстырғанда 2,3 есе көп және Қазақстан тәуелсіздігі жылдарын басып озды», - деп атап өтті сарапшы.

[Ақпарат көзі](http://strategy2050.kz/news/28204/)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-standy-ekonomikany-euraziyaly-birlestikke-atysuy-tshi-a-ymyn-65-a-deyin-arttyrdy-636603](https://yvision.kz/kk/post/aza-standy-ekonomikany-euraziyaly-birlestikke-atysuy-tshi-a-ymyn-65-a-deyin-arttyrdy-636603)