---
title: "Қазақстандық дзюдошылар Италияда ардагерлер арасында алғаш рет өткен Олимпиада ойындарында алтын медаль иеленді"
description: "ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат — Италияның Турин қаласында тамыздың 2-12 аралығында өткен ардагерлер арасында..."
author: "kazsportagent"
published: "2013-08-14T23:58:57+00:00"
modified: "2013-08-14T23:59:20+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-standy-dzyudoshylar-italiyada-ardagerler-arasynda-al-ash-ret-tken-olimpiada-oyyndarynda-altyn-me-368928"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-standy-dzyudoshylar-italiyada-ardagerler-arasynda-al-ash-ret-tken-olimpiada-oyyndarynda-altyn-me-368928/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазақстандық дзюдошылар Италияда ардагерлер арасында алғаш рет өткен Олимпиада ойындарында алтын медаль иеленді

> ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат — Италияның Турин қаласында тамыздың 2-12 аралығында өткен ардагерлер арасында...

[!\[Қазақстандық дзюдошылар\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/08/81aaaed27f61934f5e2f64e5d3f9e240-300x224.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/08/81aaaed27f61934f5e2f64e5d3f9e240.jpg)

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат — Италияның Турин қаласында тамыздың 2-12 аралығында өткен ардагерлер арасындағы алғашқы Олимпиада ойындарында қазақстандық дзюдошылар жалпы командалық есепте бірінші орын алды. Бұл додада қазақстандықтар жарыс қожайындары - итальяндықтардан, Бразилия және Ресей командаларынан басым түсті.

Қазақстан құрамасының қоржынында жекелей сында 3 алтын мен 1 қола медальдар бар.

Шығыс Қазақстан кеден департаментінен хабарлағандай, дзюдодан Қазақстан құрамасының сапында олардың қызметкерлері — Руслан Сейілханов, Ержан Омарбаев пен Болатбек Жаманбаев қатысқан.

Ардагерлер арасындағы WorldVfstersGames ойындары алғаш рет өткізіліп отыр. Жарыс спорттың 24 түрі бойынша өтті. Оған әлемнің жер-жерінен барлығы 28 мың спортшы қатысты.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-standy-dzyudoshylar-italiyada-ardagerler-arasynda-al-ash-ret-tken-olimpiada-oyyndarynda-altyn-me-368928](https://yvision.kz/kk/post/aza-standy-dzyudoshylar-italiyada-ardagerler-arasynda-al-ash-ret-tken-olimpiada-oyyndarynda-altyn-me-368928)