---
title: "Қазақстандық дзюдошылар Азия кубогында 27 медальді ұтып алып, екінші орынды місе тұтты"
description: "Алматыда дзюдодан жастар арасында Бекет Махмұтовты еске алуға арналған Азия кубогы өтті."
author: "orazali"
published: "2024-07-08T06:20:38+00:00"
modified: "2024-07-08T06:20:38+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-standy-dzyudoshylar-aziya-kubogynda-27-medaldi-typ-alyp-ekinshi-oryndy-mise-t-tty-1006298"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-standy-dzyudoshylar-aziya-kubogynda-27-medaldi-typ-alyp-ekinshi-oryndy-mise-t-tty-1006298/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазақстандық дзюдошылар Азия кубогында 27 медальді ұтып алып, екінші орынды місе тұтты

> Алматыда дзюдодан жастар арасында Бекет Махмұтовты еске алуға арналған Азия кубогы өтті.

*Алматыда дзюдодан жастар арасында Бекет Махмұтовты еске алуға арналған Азия кубогы өтті. *

![](https://storage.yvision.kz/images/user/577776/c4e0e5154e115aa1b31593d7c58b838a.jpg)

*Фото: olympic.kz*

Бұл жарысқа 9 командадан 355 спортшы қатысқан.

Онда еліміздің құрамасы 27 медальді жеңіп алды. Олардың ішінде 6 алтын, 7 күміс, 14 қола жүлде бар. Бірақ Қазақстанға өз жерінде өткен сайыста екінші орын бұйырды. Ал бірінші орынды бізден екі артық медальмен Өзбекстан алды. Олардың қанжығасында 6 алтын, 7 күміс, 16 қола кетті.

3 алтын, 2 күміс медаль алған Моңғолия үшінші орынға табан тіреді.

Дереккөз: [meta-ratings.kz](https://meta-ratings.kz/)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-standy-dzyudoshylar-aziya-kubogynda-27-medaldi-typ-alyp-ekinshi-oryndy-mise-t-tty-1006298](https://yvision.kz/kk/post/aza-standy-dzyudoshylar-aziya-kubogynda-27-medaldi-typ-alyp-ekinshi-oryndy-mise-t-tty-1006298)