---
title: "Қазақстандық десантшылар «Өзара іс-қимыл-2013» оқу-жаттығулары өтетін ауданға ұшып кетті"
description: "Бүгін Алматы облысындағы «Жетіген» аэродромынан С-295 әскери-көліктік ұшақтарымен Аэроұтқыр әскерлер..."
author: "minoboronyRK"
published: "2013-09-18T00:53:29+00:00"
modified: "2013-09-18T00:53:29+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-standy-desantshylar-zara-is-imyl-2013-o-u-zhatty-ulary-tetin-audan-a-shyp-ketti-374518"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-standy-desantshylar-zara-is-imyl-2013-o-u-zhatty-ulary-tetin-audan-a-shyp-ketti-374518/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазақстандық десантшылар «Өзара іс-қимыл-2013» оқу-жаттығулары өтетін ауданға ұшып кетті

> Бүгін Алматы облысындағы «Жетіген» аэродромынан С-295 әскери-көліктік ұшақтарымен Аэроұтқыр әскерлер...

**

![Қазақстандық десантшылар «Өзара іс-қимыл-2013» оқу-жаттығулары өтетін ауданға ұшып кетті](http://www.mod.gov.kz/mod-kz/images/stories/18092013/1.jpg)

Бүгін Алматы облысындағы «Жетіген» аэродромынан С-295 әскери-көліктік ұшақтарымен Аэроұтқыр әскерлері десантты-шабуылдаушы бригадасының әскери қызметшілері Беларусь Республикасына ұшып кетті.**

ҰҚШҰ Жедел ден қою күштерінің бірлескен оқу-жаттығулары Беларусь Республикасының аумағында 2013 жылғы 20-26 қыркүйек аралығында өтеді. Оған Армения Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан Республикалары қарулы күштерінің контингенттері қатысады.

Қазақстаннан оқу-жаттығуларға Аэроұтқыр әскерлерінің Талдықорғанда шоғырланған бригадасының десантты-шабуылдаушы батальоны қатысады. Батальон командирі капитан Әсет Серікбаев.

Осының алдында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының бірінші орынбасары генерал-майор Руслан Әлімов бастаған Қазақстан Қарулы Күштерінен іріктелген жедел топ Беларусь Республикасына ұшып барған болатын.

Қазақстандық әскери қызметшілерге Аэроұтқыр әскерлері қолбасшысы басқармасынан қолбасшының бірінші орынбасары – Аэроұтқыр әскерлерінің штаб бастығы полковник Талғат Исмайлов жетекшілік етеді.

– Келісімшарт бойынша әскери қызметшілер өздерін өз ісінің шынайы шебері екенін дәлелдеп қойған. Бүгін Беларусь Республикасына ұшып бара жатқан десантшылардың көбі бірнеше халықаралық оқу-жаттығуларға қатысқан, – деп атап өтті полковник Т. Исмайлов. – Халықаралық оқу-жаттығулардағы тәжірибесі мен жоғары жауынгерлік дайындықтарымен біздің әскери қызметшілер өзге әскери контингенттермен өзара іс-қимыл тапсырмаларын сәтті орындайтынына сенімідімін.

**ҚР ҚМ Баспасөз қызметі**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-standy-desantshylar-zara-is-imyl-2013-o-u-zhatty-ulary-tetin-audan-a-shyp-ketti-374518](https://yvision.kz/kk/post/aza-standy-desantshylar-zara-is-imyl-2013-o-u-zhatty-ulary-tetin-audan-a-shyp-ketti-374518)