---
title: "Қазақстандық боксшы Руслан Мәдиев американдық Карлос Санчесті нокаутқа жіберді"
description: "Қазақстандық кәсіпқой боксшы, GGG командасының мүшесі Руслан Мәдиев кезекті рейтингтік жекпе-же..."
author: "kazsportagent"
published: "2015-02-06T04:17:13+00:00"
modified: "2015-02-06T04:17:13+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-standy-boksshy-ruslan-m-diev-amerikandy-karlos-sanchesti-nokaut-a-zhiberdi-468102"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-standy-boksshy-ruslan-m-diev-amerikandy-karlos-sanchesti-nokaut-a-zhiberdi-468102/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазақстандық боксшы Руслан Мәдиев американдық Карлос Санчесті нокаутқа жіберді

> Қазақстандық кәсіпқой боксшы, GGG командасының мүшесі Руслан Мәдиев кезекті рейтингтік жекпе-же...

[!\[Қазақстандық боксшы Руслан Мәдиев американдық Карлос Санчесті нокаутқа жіберді\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2015/02/20150206120201-300x183.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2015/02/20150206120201.jpg)

Қазақстандық кәсіпқой боксшы, GGG командасының мүшесі Руслан Мәдиев кезекті рейтингтік жекпе-жегінде өз қарсыласы — американдық Карлос Санчесті нокаутқа түсірді.

Бұл туралы GGG-дің ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарланды. Жекпе-жек Калифорнияда кубалық Майкл Перес пен американдық Дарнелл Уилсонның алдындағы жекпе-жекке орайластырылған бокс кешінің аясында өтті. Руслан бірінші раундта-ақ қарсыласын есінен тандырды. Жас әрі болашағынан үміт күттіретін қазақстандық спортшы үшін бұл айқас кәсіби бокстағы үшінші кездесуі. Естеріңізге сала кетейік, Руслан Абель Санчестің қарамағында ақпанның 21-і күні Монакода Мартин Мюррейге қарсы жекпе-жегін өткізетін Геннадий Головкинмен бірге жаттығып жүр.

Басты сөздер: [Спорт](http://www.inform.kz/kaz/searchtag/290)

АСТАНА. ҚазАқпарат

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-standy-boksshy-ruslan-m-diev-amerikandy-karlos-sanchesti-nokaut-a-zhiberdi-468102](https://yvision.kz/kk/post/aza-standy-boksshy-ruslan-m-diev-amerikandy-karlos-sanchesti-nokaut-a-zhiberdi-468102)