---
title: "Қазақстандық баскетболшы қыздар (U-16) Азия чемпионатында Сингапур құрамасына ұтылды"
description: "Баскетболдан қыздар арасындағы (U-16) Азия чемпионатында Александр Гусевтің қарамағындағы спортшылар..."
author: "TRK_kaz"
published: "2015-08-02T04:44:00+00:00"
modified: "2015-08-13T04:48:00+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-standy-basketbolshy-yzdar-u-16-aziya-chempionatynda-singapur-ramasyna-tyldy-526628"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-standy-basketbolshy-yzdar-u-16-aziya-chempionatynda-singapur-ramasyna-tyldy-526628/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазақстандық баскетболшы қыздар (U-16) Азия чемпионатында Сингапур құрамасына ұтылды

> Баскетболдан қыздар арасындағы (U-16) Азия чемпионатында Александр Гусевтің қарамағындағы спортшылар...

Баскетболдан қыздар арасындағы (U-16) Азия чемпионатында Александр Гусевтің қарамағындағы спортшылар Сингапур командасынан ұтылып қалды.

![Қазақстандық баскетболшы қыздар (U-16) Азия чемпионатында Сингапур құрамасына ұтылды](https://storage.yvision.kz/images/user/trk_kaz/2PUA0R9fMUSQz5nEbXFjY0qqBPKd4J.jpg)

Біздің қарсыластарымыз ойын басталған сәттен басымдық танытып, жарыстың соңына дейін қарқындарын бәсеңдеткен жоқ. Қорытынды есеп: Сингапур пайдасына 76:63 (21:13, 17:18, 16:10, 22:22).

Ертең біздің қыздарымыз Гонконг командасымен ойнайды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-standy-basketbolshy-yzdar-u-16-aziya-chempionatynda-singapur-ramasyna-tyldy-526628](https://yvision.kz/kk/post/aza-standy-basketbolshy-yzdar-u-16-aziya-chempionatynda-singapur-ramasyna-tyldy-526628)