---
title: "Қазақстандық ғарышкерлерімізді айтулы күнмен шын жүректен құттықтаймыз!"
description: "12 сәуір барша әлем халықаралық авиация және ғарышкерлер күнін тойлауда. Бұл мереке Адамның ғарышқа..."
author: "inkut"
published: "2016-04-12T00:29:59+00:00"
modified: "2017-07-12T00:35:06+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-standy-aryshkerlerimizdi-aytuly-k-nmen-shyn-zh-rekten-tty-taymyz-688659"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-standy-aryshkerlerimizdi-aytuly-k-nmen-shyn-zh-rekten-tty-taymyz-688659/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазақстандық ғарышкерлерімізді айтулы күнмен шын жүректен құттықтаймыз!

> 12 сәуір барша әлем халықаралық авиация және ғарышкерлер күнін тойлауда. Бұл мереке Адамның ғарышқа...

> **12 сәуір барша әлем халықаралық авиация және ғарышкерлер күнін тойлауда.**

Бұл мереке Адамның ғарышқа алғашқы ұшу сапары болып есептелгендіктен, дүние жүзі бойынша аталып өтуде. Осыған орай, Қазақстандық ғарышкерлерімізді айтулы күнмен шын жүректен құттықтаймыз!

![](https://storage.yvision.kz/images/user/inkut/GL6ql5uw5YXu86U0V9aaq63j0nhxMK.jpg)

**Айдан Аимбетов** - тәуелсіз Қазақстанның атынан ұшырылған алғашқы ғарышкер. Ол қыркүйектің 2-і күні Байқоңыр айлағынан «Союз ТМА-18М» кемесімен ұшқан болатын.

Айта кетейік, 4 наурыз күні Айдын Аимбетов ХАТУ оқу ордасына келіп, студенттерге ғарыш әлемінің тұңғиығынан сыр шерткен болатын. Ал біз, болашақ журналисттер, өз кезегімізде ғарышкерді студиямызға, «I-Wave» бағдарламасына шақырып, тілдесіп қайтқан болатынбыз.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/inkut/F1e07MNsbtxin0xQ4v1YpB1LPuvCB3.jpg)

Мұндай мүмкіндік күнде тумағандықтан, шыны керек қатты толқыған едім. Назарларыңызға ХАТУ студенттері дайындаған Ток-шоуды ұсынып отырмын.

P.S: Айдын Айымбетовтың Twitter парақшасындағы ең қызықты жазбаларды оқи жүріңіздер: @[AidynAimbetov](http://aidynaimbetov.yvision.kz)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-standy-aryshkerlerimizdi-aytuly-k-nmen-shyn-zh-rekten-tty-taymyz-688659](https://yvision.kz/kk/post/aza-standy-aryshkerlerimizdi-aytuly-k-nmen-shyn-zh-rekten-tty-taymyz-688659)