---
title: "Қазақстандық армияның әскери қызметшілері «Кембриялық патруль-2015» оқу-жаттығуында жаңа тәжірибе жинақтайды (ФОТО)"
description: "Қазақстан Қарулы Күштері әскери қызметшілерінің тобы «Кембриялық патруль-2015» халықаралық оқу-жатты..."
author: "Anuarbek_Ainash"
published: "2015-10-18T00:39:38+00:00"
modified: "2015-10-18T00:39:38+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-standy-armiyany-skeri-yzmetshileri-kembriyaly-patrul-2015-o-u-zhatty-uynda-zha-a-t-zhiribe-zhina-589380"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-standy-armiyany-skeri-yzmetshileri-kembriyaly-patrul-2015-o-u-zhatty-uynda-zha-a-t-zhiribe-zhina-589380/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазақстандық армияның әскери қызметшілері «Кембриялық патруль-2015» оқу-жаттығуында жаңа тәжірибе жинақтайды (ФОТО)

> Қазақстан Қарулы Күштері әскери қызметшілерінің тобы «Кембриялық патруль-2015» халықаралық оқу-жатты...

Қазақстан Қарулы Күштері әскери қызметшілерінің тобы «Кембриялық патруль-2015» халықаралық оқу-жаттығуына қатысу үшін Уэльс шет аймағына, Ұлыбританияның Біріккен Патшалығына және Солтүстік Ирландияға аттанды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

![Қазақстандық армияның әскери қызметшілері «Кембриялық патруль-2015» оқу-жаттығуында жаңа тәжірибе жинақтайды (ФОТО)](https://storage.yvision.kz/images/user/anuarbek_ainash/OU4KAgS4NXN2E2JT8DNX3C4kHzRZQ6.jpg)

Оқу-жаттығуға Ұлыбритания және шет елдері Қарулы Күштері түрлерінің арнайы бөлімшелері қатысады. Оқу-жаттығу шеңберінде қазақстандық әскери қызметшілер өздерінің дағдыларын жетілдіруге және жергілікті жерді патрульдеу бойынша іс-шараларды ұйымдастыруда тәжірибе алмасатын болады.

![Қазақстандық армияның әскери қызметшілері «Кембриялық патруль-2015» оқу-жаттығуында жаңа тәжірибе жинақтайды (ФОТО)](http://storage.yvision.kz/images/user/anuarbek_ainash/43aGr9QJ25x7bC51zU8kKA4dab0OBd.png)

Оқу-жаттығу Ұлыбритания корольдік Қарулы Күштерінің 160-механикаландырылған жаяу әскер бригадасының базасында екі кезеңде өткізіледі, яғни, дайындық және белсенді фаза. «Кембриялық патрульдердің» сайысы 40 жылдан бері жыл сайын Ұлыбританияда өткізіліп тұрады.

![Қазақстандық армияның әскери қызметшілері «Кембриялық патруль-2015» оқу-жаттығуында жаңа тәжірибе жинақтайды (ФОТО)](http://storage.yvision.kz/images/user/anuarbek_ainash/YG0yRi3n09lZ6cwzswSpV7RfLzh7Ha.png)

![Қазақстандық армияның әскери қызметшілері «Кембриялық патруль-2015» оқу-жаттығуында жаңа тәжірибе жинақтайды (ФОТО)](http://im9.asset.yvimg.kz/userimages/anuarbek_ainash/gU7QdJ10MB0T9Fl3e2CBm183ZnFem7.png)

Бұл жарыс сайыс болып табылмайды, бұл жауынгерлік арналуы бойынша тапсырмаларды орындауға бағдарланған жаттығуларды орындау. Командалар өзара сайсысқа түспейді, ал жауынгерлікке барынша жақындатылған жағдайларда тапсырмаларды орындайды. Сайысқа өңірлік, аумақтық және халықаралық командалар қатысады, онда қатысушылардың көшбасшылық қасиеттері, олардың далалық машығы, тәртібі, сондай-ақ психологиялық және дене шыдамдылығы тексеріледі.

2013 жылы шет мемлекеттерін 18 команда (Канада, АҚШ, Франция, Австралия, Германия, Дания және т.б.) ұсынды. «Кембриялық патрульдер» арнайы мақсаттағы әскерге іріктеумен салыстыруға келетін ең күрделі және мәртебелі сайыстардың бірі болып табылады.

Әскери қызметшілердің дене даярлығына ерекше талаптар қойылады, өйткені, оларға 25 келі жүкпен Кембриялық таулардың бөктеріне 50 шақырым жаяу өткелден өрмелеп өтуге, 1000 метрден аса биіктікке көтерілуге және 750 метрге төмен түсуге тура келеді. Додаға Ұлыбритания Қарулы Күштерінің бөлімшелері мен резервшілер, сондай-ақ 18-ден аса шетелдік командалар қатысады. Қатысушылардың жалпы саны 100 патрульден асып жығылады. Жарыс 10 күн бойы өткізіледі. [Ақпарат көзі](http://strategy2050.kz/news/27246/)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-standy-armiyany-skeri-yzmetshileri-kembriyaly-patrul-2015-o-u-zhatty-uynda-zha-a-t-zhiribe-zhina-589380](https://yvision.kz/kk/post/aza-standy-armiyany-skeri-yzmetshileri-kembriyaly-patrul-2015-o-u-zhatty-uynda-zha-a-t-zhiribe-zhina-589380)