---
title: "Қазақстандық Антон Пинчук АРВ турнирінде Клементе Руссоға есесін жіберіп алды"
description: "Миланда өтіп жатқан АРВ жобасының екінші кезеңінде қазақстандық боксшы Антон Пинчук итальяндық Кл..."
author: "kazsportagent"
published: "2015-07-13T04:37:57+00:00"
modified: "2015-07-13T04:37:57+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-standy-anton-pinchuk-arv-turnirinde-klemente-russo-a-esesin-zhiberip-aldy-521261"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-standy-anton-pinchuk-arv-turnirinde-klemente-russo-a-esesin-zhiberip-aldy-521261/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазақстандық Антон Пинчук АРВ турнирінде Клементе Руссоға есесін жіберіп алды

> Миланда өтіп жатқан АРВ жобасының екінші кезеңінде қазақстандық боксшы Антон Пинчук итальяндық Кл...

[!\[Қазақстандық Антон Пинчук АРВ турнирінде Клементе Руссоға есесін жіберіп алды\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2015/07/20150712064144-300x183.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2015/07/20150712064144.jpg)

Миланда өтіп жатқан АРВ жобасының екінші кезеңінде қазақстандық боксшы Антон Пинчук итальяндық Клементе Руссоға есесін жіберіп алды.

Бұл жекпе-жектің жеңімпазы екінші кезеңнің финалына өтіп, Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпида ойындарына жолдама алады, деп хабарлайды Қазақстан бокс федерациясы. 91 кг салмақ дәрежесі бойынша шаршы алаңға шыққан Антон Пинчук әлемнің екі дүркін чемпионы, Олимпиада жүлдегері Клементе Руссодан 3:0 (77:75, 78:74, 78:74) есебімен жеңіліп қалды. Еске сала кетейік, Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиадаға қатысуға мүмкіндік беретін жолдаманы Біржан Жақыпов (49 келіге дейін салмақ дәрежесі бойынша), Берік Әбдірахманов (60 келіге дейін) пен Василий Левит (91 келіге дейін) жеңіп алған болатын. Сондай-ақ 26 шілде күні Мексикада қазақстандық боксшы Ильяс Сүлейменов (52 келіге дейін) Олимпиада жолдамасы үшін бағын сынамақ.

Басты сөздер: [Спорт](http://inform.kz/kaz/searchtag/290)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-standy-anton-pinchuk-arv-turnirinde-klemente-russo-a-esesin-zhiberip-aldy-521261](https://yvision.kz/kk/post/aza-standy-anton-pinchuk-arv-turnirinde-klemente-russo-a-esesin-zhiberip-aldy-521261)