---
title: "Қазақстандық Анастасия Городко фристайл-могулдан әлем..."
description: "Итальяның Кьеза-ин-Вальмаленко қаласында өтіп жатқан фристайл-могулдан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық Анастасия Городко чемпион атанды. 18 жастағы қазақстандық спортшы фристайл-могулдан әйелдер арасындағы бәсекеде топ..."
author: "seri.jigit"
published: "2024-04-09T05:43:43+00:00"
modified: "2024-04-09T07:46:33+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-standy-anastasiya-gorodko-fristayl-moguldan-lem-chempiony-boldy-1003161"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-standy-anastasiya-gorodko-fristayl-moguldan-lem-chempiony-boldy-1003161/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазақстандық Анастасия Городко фристайл-могулдан әлем...

> Итальяның Кьеза-ин-Вальмаленко қаласында өтіп жатқан фристайл-могулдан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық Анастасия Городко чемпион атанды. 18 жастағы қазақстандық спортшы фристайл-могулдан әйелдер арасындағы бәсекеде топ...

*Итальяның Кьеза-ин-Вальмаленко қаласында өтіп жатқан фристайл-могулдан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық Анастасия Городко чемпион атанды.* ![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577778/857d657238c20739a60d2a413d72eb.jpg) 18 жастағы қазақстандық спортшы фристайл-могулдан әйелдер арасындағы бәсекеде топ жарды. Ол 71.89 ұпаймен жеңіске жетті. Екінші және үшінші орынды жапондық спортшылар Ито Марин (71.35) мен Юго Тагучи (69.96) өзара бөлісті.

Айта кетейік, еліміздің фристайл-могулдан бас жаттықтырушысы - Лена Круглыхина.

https://t.me/olympickz

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-standy-anastasiya-gorodko-fristayl-moguldan-lem-chempiony-boldy-1003161](https://yvision.kz/kk/post/aza-standy-anastasiya-gorodko-fristayl-moguldan-lem-chempiony-boldy-1003161)