---
title: "Қазақстандағы заманауи орындаушылық пен педагогиканың кейбір аспектілері"
description: "Қазіргі таңда жас композиторлардың ғана емес, сонымен қатар белгілі отандық орындаушылардың қатарын..."
author: "musagulova"
published: "2015-06-17T04:24:00+00:00"
modified: "2017-01-17T04:24:50+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-standa-y-zamanaui-oryndaushyly-pen-pedagogikany-keybir-aspektileri-749261"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-standa-y-zamanaui-oryndaushyly-pen-pedagogikany-keybir-aspektileri-749261/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазақстандағы заманауи орындаушылық пен педагогиканың кейбір аспектілері

> Қазіргі таңда жас композиторлардың ғана емес, сонымен қатар белгілі отандық орындаушылардың қатарын...

![](http://notiyara.com/wp-content/uploads/2016/08/clarinetes.jpg)

Қазіргі таңда жас композиторлардың ғана емес, сонымен қатар белгілі отандық орындаушылардың қатарын өсірген жас, педагогикалық жұмысын жаңадан бастаған отандық педагог-практиктердің қызметін айқындау заңды, өйткені олардың қызметтері өткен уақыттардағы тәжірибені әдістемелік жаңалықтармен бірге меңгеруге бағытталған. Талантты орындаушы және педагог-практиктердің қатарында Оразалы Рустем Сансызбайұлының атқарған еңбегін атап өтуге болады. Ол 1979 жылы Алматы қаласында, музыканттар жанұясында дүниеге келген. Әкесі – оркестр әртісі, кезінде Абай атындағы Мемлекеттік опера және балет театрында фагот аспабында ойнаған, анасы – К.Бәйсейітова атындағы музыкалық мектепте халық аспаптар бөлімінде ұстаз.

Жас кезінен ата-анасы ұлдарын музыкаға деген сүйіспеншілікке, халық шығармашылығына және барлық көркемдікке баурыды, өйткені бәрімізге белгілі балалар көркемдікті анық түсініп, соған қарай тартылады. Рустем Сансызбайұлына әкесінің театрдағы дайындықтарында көп отыруға және музыкалық спектакльдерді тыңдауға тура келді, әрине бұл баланың дүниетанымына ұмытылмас әсер етпей қоймады. Бала үшін музыканы қабылдау шексіз мүмкіндіктер береді. Музыка оның эмоционалды табиғатына жақын еді. Уақыт өте келе ол музыканы тыңдап, оны еске сақтауды үйренді.

Рустем Оразалы дарынды музыкант, ата-анасы оны алты жасында К.Бәйсейітова атындағы беделді музыкалық мектебіне фортепиано класына береді. Мектепте ол ықыласпен оқыды, сегізінші сыныпта үрмелі аспаптар – кларнетке, сол уақыттағы белгілі ұстаз Рустем Насырұлы Сабировқа ауысу туралы шешім қабылдайды. Оған кларнеттің дыбысы ұнады және келешекте оркестрдің ерлер ұжымында саксофонда ойнауға деген үміт жетеледі. Өзі айтқандай бұл аспап ерлер үшін және уақыты келгенде мен симфониялық және опералық оркестрлерде ойнағым келеді.

Жоғарғы оқу орындарында жас орындаушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін және орындаушылық шеберліктерінің өсуі үшін барлық жағдай жасалған. Рүстем Сансызбайұлы музыка академиясы қабырғасында барлық іс-шараларға, шефтік концерттерге, республикалық, «Шабыт», дельфия ойындары халықаралық конкурстарына белсенді түрде қатысады. Дельфия ойындары өнердің барлық түрлері біріккен, жас таланттарды іздейтін әрі қолдайтын өнер саласындағы сайыс болып табылады. Ол Дельфия ойындарының, «Шабыт», жас музыканттардың республикалық және Ахмет Жұбанов атындағы конкурстарының лауреаты.

Музыкалық мектепті үздік бітіріп, консерваторияға түседі, кейін музыка Академиясын, Астанадағы аспиратураны да тәмамдайды. Уақыт өте келе оның армандары орындалады, Абай атындағы Мемлекеттік опера және балет театрына, Астанадағы К.Бәйсейітова атындағы опера театрына кларнет тобына концертмейстер болып жұмыс жасау орындаушыға кәсіби тұрғыда үлкен қуаныш сыйлады, оған спектакльдердегі жетекші партияларды сеніп тапсыратын болды. Жиі берілген жеке концерттері үшін көптеген марапаттаулар мен сый-сияпатқа ие болды.

Сол уақыттарда қосымша музыка Академиясында ұстаздық етеді. Музыкалық мектепте ұстаздық қызмет атқару жас маманды қатты қызықтырды және 2005 жылдан бастап ол ұстаздық қызметке ауысады. Музыка, балаларды рухани тәрбиелеу факторы екенін сезінген жас ұстаз ынтамен жұмыс жасайды. Өзінің аз уақыттағы тәжірибесінде, музыка және оған балаларды баулу оқушылардағы әдемілік сезімі мен гармонияны дамытуға және бастауыш сатыдағы оқушыны музыкалық бейнелер арқылы айналадағы шынайы әлемді тануға үйретуге болатынын түсінеді. Ол оқушылармен құштарлықпен беріле жұмыс жасай бастайды. Ұстаз ретінде ол кларнетте ойнап үйрену үшін тоғыз, он жас қолайлы жас екенін түсінеді. Бұл уақытта бүкіл ағза қажетті даму сатысына жетіп, оқыту өте табысты болуы мүмкін.

Рүстем Сансызбайұлы бастауыш сыныптарды үрмелі аспаптарға үйретуде ең бастысы, тыныс алуды дұрыс қою деп есептейді. Тыныс алу дыбыс шығаруды қалыптастыру және оқушының аппаратын қоюдың негізін құрайды. «Кеудеге» қате тыныс алған жағдайда толық ауа жинауға мүмкіндік болмайды, әрі орындаушылық міндеттерге шектеу қояды. Кларнетисттің дұрыс дамуына негізгі жағдай жасайтын белгілі талаптар бар: тік тұру, аяқтарды алшақ қою, қолдарын бос ұстауы және кеудеде орналасуы, саусақтар бүгіліп клапан үстінде еркін жатуы. Аспап оң қолдың бас бармағымен демеп ұстайды.

Оның пікірі көптеген орындаушы-ғалымдардың ойларымен сәйкес келеді: ең пайдалы ескертулер және оқытушының нұсқаулары арқылы ғана табысқа қол жеткізу мүмкін емес екенін, оқушы мұғалімнің әрбір нұсқауы – тұрақты, жүйелі, өзіндік үй тапсырмасы, онсыз табысқа жету мүмкін емес екенін түсінуі керек [2-4].

Кларнет игерушілерінің яғни бастауыш сатыдағы игерушілерінің жиі жіберетін кемшіліктері қол буынының дұрыс қойылмауы, ерін апаратының қойылуы, үрлеу, саусақтарының жинақталмауы, тыныс алу, осының барлығы оқу алдында мұғалімнің орындаушылық міндеттерді орындауға бөгет жасайды.

Сондықтан, аппараттың дұрыс қойылу сапасын қалыптастыру үшін күресте оқытушыға зейін, сонымен қатар қажырлық және табандылықты талап етеді. Ол дыбыс сапасына аса көңіл бөліп және оқушылардың сабаққа деген жоғары талабын дамыту қажеттілігіне бағытталуы тиіс. Кларнетте ойнауды үйренген сәтте – музыкалық-орындаушылық техникасының қиындығын анықтайтын орындау барысындағы оқушылардың әртүрлі психофизиологиялық әрекеттері маңызды. Бұл қиын процесте орындаушының ақыл-ойы, яғни берілген көркем әдістерге жету мақсатындағы арнайы әрекеттері және орындаушылық сұрақтарына оның саналы қатынасы шешуші рөл атқарады. Кларнетте ойнауды үйрету, басқа да үрмелі аспатар секілді, адамның ең күрделі еңбек қызметінің түріне жататыны сөзсіз, өйткені музыкалық орындау барысында кларнетист бірсыпыра компоненттердің әрекеттерін үйлестіре білуі шарт: көз, есту, есте сақтау, ойлау, тыныс алу аппараты, ерін, тіл, саусақ жұмысымен байланысты бұлшық ет-қозғалыс икемдері, жігер, музыкалық-эстетикалық түсінігі және т.б.[5].

Ұстаз ретінде ең бірінші сабақтан бастап оқушылардың орындаушылық шеберлікке қажетті аспаптың дыбыс шығару жолындағы көркемділігіне және интонацияның таза болуына жоғары талап қояды. Музыкалық орындаушылық процессінің ерекшелігі ойлау, музыкалық есту, ерін, тыныс алу аппараты, тіл және оқушының саусақтарының белсенді түрде қарым-қатынасын қажет етеді. Рүстем Сансызбайұлының айтуынша, үрмелі аспаптарда ойнайтын музыкант бұл орындаушылық аппараттың көмегімен практикалық дыбысшығарудың әртүрлі міндеттерін шешеді.

Оқытуды жалғастыра отырып, ол оқушыларға аса қызығушылықпен әртүрлі аспаптарда музыкалық дыбыстарды қайталауға, музыкаға сүйеніп түрлі ырғақтық жаттығулар жасап және берілген шығарманы әндетіп айтуға кеңес береді, мұның бәрі бастауыш сатыдағы оқушының музыкалық есту қабілетінің дамуына әсер етеді және оларға үлкен әсер қалдырады.

Оразалы Рүстем өз сабақтарында қамқорлығындағы оқушылардың назарын кларнетист үшін қажетті тыныс алудағы тіректің маңызына аударады, бұл ойын кезінде ағзадағы артық физикалық күштен арылуға көмектеседі, мойынның үрілуінен және ерін аппаратына күш түсіруден сақтайды.

Балалар музыкалық мектепте білім ала отырып міндетті түрде екі жылда бір рет мәдениет Министрілігі өткізетін жас музыканттардың конкурсына белсенді түрде қатысады. Уақыт өте келе оқушылардың ұстазынан алған білімі оларға белгілі бір жетістіктерге жетуіне септігін тигізді. Бұл ретте өз сыныбының қабырғасында заманауи және өте перспективті ұстаз аз уақыт ішінде тәрбиелеген Р.Бекмахамбетов және Е.Оразалы сынды талантты жас музыканттардың есімін атап кетуге болады.

Қорыта келе, педагогикалық жұмыспен белсенді айналысып жүрген, барлық жігерін және білімін жас, өскелең орындаушы ұрпаққа нысаналы түрде бағыттаған әртүрлі бағыттағы музыканттардың қызметін зерттеу қазіргі таңдағы музыкалық ғылымның өзекті мақсаттарының бірі болып табылады, өйтені оның барлығы музыкалық мамандықтың түрін меңгеруде қажетті жәрдем беретін өздерінің педагогикалық жетістіктерін ғылыми түрде негіздеп, тәжірибеге енгізуге тырысады. Ал олардың жемісті жұмыстарын қарастыру отандық музыкатану-ғалымдарының, сонымен қатар орындаушы-практиктердің міндеті болмақ.

**Қолданылған әдебиеттер тізімі:**

1. Волков Н.В. Теория и практика искусства игры на духовых инструментах. М., Альма Матер, 2008.

2. Диков, Б. Методика обучения при игре на духовых инструментах / Б. Диков. – М. : Гос. муз. изд-во, 1973.

3. Методика обучения игре на духовых инструментах (Очерки). Выпуск. 1. (под редакцией Е.В.Назайкинского), М., 1964; Выпуск 2. (под редакцией Ю.А.Усова), М.,1966; Выпуск 3. (под редакцией Ю.А. Усова), М., 1971; Выпуск 4. (под редакцией Ю.А.Усова), М., 1976.

4. Платонов Н.И. Вопросы методики обучения игре на духовых инструментах. М., Музыка, 1958.

5. Федотов А. Методика обучения игре на духовых инструментах. М.,1975.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-standa-y-zamanaui-oryndaushyly-pen-pedagogikany-keybir-aspektileri-749261](https://yvision.kz/kk/post/aza-standa-y-zamanaui-oryndaushyly-pen-pedagogikany-keybir-aspektileri-749261)