---
title: "Қазақстандағы волейбол"
description: "Қазақстанда алғашқы жарыс 1926 жылы Қызылордада ұйымдастырылды. Қазақстан волейболы 20 ғасырдың 60-ж..."
author: "sninar_serikovna"
published: "2019-04-22T19:09:02+00:00"
modified: "2019-04-22T19:09:02+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-standa-y-voleybol-831027"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-standa-y-voleybol-831027/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазақстандағы волейбол

> Қазақстанда алғашқы жарыс 1926 жылы Қызылордада ұйымдастырылды. Қазақстан волейболы 20 ғасырдың 60-ж...

Қазақстанда алғашқы жарыс 1926 жылы Қызылордада ұйымдастырылды. Қазақстан волейболы 20 ғасырдың 60-жылдары жақсы дамыған. Ол спорт шебері, КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Октябрь Жарылғаповтың есіміне тікелей байланысты. Оның құрған «Буревестник» ерлер командасы 1969 жылы КСРО-ның, 1970 – 71 жылы Еуропа чемпиондарының кубогін жеңіп алды. Қазақстанда тәрбиеленген Валерий Кравченко, Олег Антропов, Надежда Смолеева 1968 жылы Мексикада өткен 19-Олимпиялық ойындардың, 1969 жылы Жәнібек Саурамбаев Еуропаның чемпионы атанды. Мұндай табысқа 1988 жылы Сеулдегі 26-Олимпиялық ойындарда Ольга Кривошеева, Елена Чебукина, Татьяна Меньшовалар жетті. Алматының АДК әйелдер волейбол командасы 1984 жылы КСРО-ның чемпионы атанды. Волейболшылардың халықаралық одағы 1924 жылы құрылған; 1992 жылдан осы одаққа Қазақстан Республикасының Волейбол федерациясы мүше.

Дайындаған:

Аға оқытушы Қалжанов Ғабит

Студент Жаулбаева Шынар

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-standa-y-voleybol-831027](https://yvision.kz/kk/post/aza-standa-y-voleybol-831027)