---
title: "«Қазақстандағы коммуналдық қалдықтарды бөліп жинау және қайта өңдеу жүйесін дамыту» тақырыбына арналған дөңгелек үстел мәжілісі"
description: "БАҚ, қоғамдық ұйымдар және басқа да мүдделі тараптар назарына! 19 қараша 2014 жылы Астанада «Қазақс..."
author: "energogovkz"
published: "2014-11-17T23:22:16+00:00"
modified: "2014-11-17T23:22:16+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-standa-y-kommunaldy-aldy-tardy-b-lip-zhinau-zh-ne-ayta-deu-zh-yesin-damytu-ta-yrybyna-arnal-an-d-440633"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-standa-y-kommunaldy-aldy-tardy-b-lip-zhinau-zh-ne-ayta-deu-zh-yesin-damytu-ta-yrybyna-arnal-an-d-440633/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Қазақстандағы коммуналдық қалдықтарды бөліп жинау және қайта өңдеу жүйесін дамыту» тақырыбына арналған дөңгелек үстел мәжілісі

> БАҚ, қоғамдық ұйымдар және басқа да мүдделі тараптар назарына! 19 қараша 2014 жылы Астанада «Қазақс...

БАҚ, қоғамдық ұйымдар және басқа да мүдделі тараптар назарына!

19 қараша 2014 жылы Астанада «Қазақстандағы коммуналдық қалдықтарды бөліп жинау және қайта өңдеу жүйесін дамыту» тақырыбына арналған дөңгелек үстел мәжілісі өтеді.

Мәжіліс мақсаты: Қазақстан Республикасының «Жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде Қазақстанда қалдықтарды жинау және қайта өңдеудің тиімді жүйесін енгізу, Қазақстанда Қатты тұрмыстық қалдытарды (ҚТҚ) басқару жүйесін жаңғырту бағдарламасын, сонымен қатар ЭКСПО-2017 дайындық мәселелерін талқылау.

Спикер ретінде ҚР Энергетика министрлігінің өкілдері, «Жасыл Даму» АҚ және «Тұрақты дамуға қолдау көрсету» Орталығы» Қоғамдық қоры, сонымен ҚТҚ-ты қайта өңдеу және кәдеге жарату бойынша мамандандырылған кәсіпорындардың өкілдері, басқа да мамандар сөз сөйлейді.

Дөңгелек үстел шеңберінде Қазақстан Республикасының «Жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдамасын іске асыру прогресі, тұрмыстық қатты қалдықтарды басқару жүйесін жаңғыртудың 2014 – 2050 жылдарға арналған Бағдарламасын орындау бойынша мақсаттары мен міндеттері, Қазақстанда қалдықтарды бөліп жинауды алға жүргізуде қоғамның хабардар болу мәселелері қарастырылатын болады. ҚР қалдықтарды бөліп жинау және қайта өңдеуді енгізу бойынша ынталандырушы механизмі мен «Жасыл экономика» мақсатына жетуде қалдықтарды жинау, қайта өңдеу және кәдеге жарату компанияларының қызметінің мәселелері талқыланатын болады.

Іс-шараны ұйымдастырушылар Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің қатысуы және қолдауымен «Тұрақты дамуға қолдау көрсету» Орталығы» және «Жасыл Даму» АҚ болып табылады.

Мәжіліс 2014 жылдың 19 қарашасында болады.

Қатысушыларды тіркеу 09.00 сағ. басталады.

Мекен-жайы: Астана қаласы, Орынбор көшесі, 11/1, «Казгидромет» РМК конференц-залы.

Дөңгелек үстелді жарықтандыруға қызығушылық білдірген БАҚ өкілдері берілген телефон 97-68-83 нөмірі, немесе[976883@gmail.com](mailto:976883@gmail.com) электрондық поштасы арқылы 18 қарашаның сағ. 16:00-не дейін тіркелуін сұраймыз.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі

[http://kz.energo.gov.kz/index.php?id=1770](http://kz.energo.gov.kz/index.php?id=1770)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-standa-y-kommunaldy-aldy-tardy-b-lip-zhinau-zh-ne-ayta-deu-zh-yesin-damytu-ta-yrybyna-arnal-an-d-440633](https://yvision.kz/kk/post/aza-standa-y-kommunaldy-aldy-tardy-b-lip-zhinau-zh-ne-ayta-deu-zh-yesin-damytu-ta-yrybyna-arnal-an-d-440633)