---
title: "«Қазақстандағы қазіргі журналистика»"
description: "Журналист – қастерлі де қасиетті мамандық. Екінің бірі, егіздің сыңары журналист бола алмайды. Бұл –..."
author: "ZhaksylykZineshov"
published: "2020-10-04T12:47:46+00:00"
modified: "2020-10-04T12:47:46+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-standa-y-azirgi-zhurnalistika-867927"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-standa-y-azirgi-zhurnalistika-867927/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Қазақстандағы қазіргі журналистика»

> Журналист – қастерлі де қасиетті мамандық. Екінің бірі, егіздің сыңары журналист бола алмайды. Бұл –...

Журналист – қастерлі де қасиетті мамандық. Екінің бірі, егіздің сыңары журналист бола алмайды. Бұл – Аллаһ тағаланың пендесіне берген сыйы. Журналистер туралы ілгерілі-кейінді данышпандар өте көп айтқан. Солардың ішінде менің көкейімнен кетпейтін, кеудемнен өшпейтін кемеңгер тұлғаның осы бір кестелі сөзі үнемі санамда салтанат құрады.Мен үшін бұл мамандықтың орны ерек, жөні бөлек. Өйткені, менде болашақта осы сала бойынша жұмыс жасап келдік қалам ұшында, көк найзаның сұсы бар деген жалынды, дарынды тілші болғым келеді.

Журналистика атты қарусыз, қаламмен күресетін майданның бүгінгі таңда елімізде қадір-мен қасиеттен айырылып бара жатырғандай. Елімізде журналистиканың бастауы сонау 19-ғасырдан бастап белең ала бастады. «Жазушының атасы журналист» дегендей әдебиеттегі қайраткер қаламгерлердің барлығы да журналистік қызмет атқарғаны белгілі. Газет-журнал халықтың көзі, һәм екі құлағына айналған заманда журналистердің де мысы басым болды. Атағынан ат үркейтін мамандық иесі болды. Ал еліміз тәуелсіздік алған жылдары журналистикада қарқынды дамыды. Қазақстандық журналистика әлемдік журналистикамен ашық байланысқа шыға бастады. Кеңестік идеология теріс баға беріп келген шетелдік журналистиканың демократиялық сипаттары қазақстандық журналистикада шын мәнінде орнықты. Адам құқығын қорғау, сөз, баспасөз бостандығы мен пікір алуандығына негізделген журналистика елдің саяси, әлеуметтік, экономика және рухани салаларындағы өзекті мәселелерге белсенді араласа бастады.

Ал бүгін ше? Бүгін бұл мамандық көрінгеннің хоббиіне айналған мамандық түріне айналып кетті. Журналистика үш бағытқа бөлініп оқытылса да, журналистиканың атасы жазу екенін қазіргі жас тілшілер естен шығара бастады. Жантақ жегенннен көрі, алтын арқалағанды артық көрген азаматтар мен азаматшалар да көбейді. Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізгеніне отыз жыл уақыт болса да, газет беттерінде әліде цензуралық қысымның көп екенің байқаймыз. Жетілген технологияның әсері газеттің орнын басып барады:
- Газет енді керегі жоқ, қазір бәрін әлеуметтік желі арқылы көріп білуге болады», - деген пікірлерде халық арасында қалыптасып кетті. Осы орайда Ал Әзілхан Нұршайықов: «Авторсыз газет – аққусыз көлмен тең», – дейді. Қандай ғажап теңеу?! Яғни журналист өзінің жазған ой-пікірін ғана емес, қарапайым халықтың көкейіндегісін жалпақ жұртқа жариялап жатса ғана беделді газет бола алады. Ал көк жәшікке келер болсақ , бұл жерде маңызды ақпарат тарат удан көрі, рейтинг үшін жұмыс жасау басымырақ болып бара жатыр. Отандық арналарда, «Қалаулым», «Кел келінім» сынды қанды қарайтар бағарламалардың көбейуінің бірден бір себебі де сол. Иа ел болам десең бесігіңді түзе деген сөз бар. Бесіктегі баладан, еңкейген қарияға дейін ккөз жүгіртер көк жәшікті түзетпесек, ұлтымыздың ұлы ел болуына балта шапқанмен бірдей боламыз.

Еліміздегі бұл оқылықтың орнын толтыру әлі де кеш емес. Ол үшін тілшілік тіршілікке бет бұрған әрбір жас буын өкіл журналистиканың мән-мағынасын ұғынып, мамандықтың маңызын ұқса игі. Цензураны тек газет беттерінен көрі, теле арналарға көбірек қойған дұрыс секілді. Өйткені, шынайы журналистиканың барлығы сол аққағаздың бетінде. Бұл жердегі журналистер ақпараттың анық,айқын, бұрмасыз, бүкпесіз дәлелмен жетуі үшін қызмет атқаратыны белгілі.

XXI ғасыр бұл дамудың ең бір озық үлгілері көрініс тапқан ғаламат ғасыр. Заманның ілгері дамуы, ақпарттың да жандануына әкеліп соқтырды. Иа бүгінгі таңда ақпарат ағымы әлеуметтік желілер мен сайттарға ауып барады. Әрине сайт деген дүние ақпараттың тез таралуына, халыққа ыңғайлы форматта жеткізілуі жағынан жақсы екені рас. Алайда, таяқтың екі ұшы бар екенін естен шығармауға тиіспіз. Бұл халқымыздың бай тілін кедейлендіруге алып барады. Әдеби көркем сөздер мүлде қолданылмайды. Ал біз ақпарат арқылы тілімізді түгендеп, ескірген сөздерді, әдеби тілді халық жадынан шығармауы үшін қаракет қылуымыз керек. Сонымен қатар ақпараттың ортасына айналған әлеуметтік желілер де ақпарат таратуда жетекші рөл атқарады. Алайда ғаламтор беттерінде жұртқа жарияа болған ақпараттың барлығына халық сенетіндей халге жеттік. Бұл өте қорқынышты. Тұтас бір ұлтқа төніп тұрған қауіп. Ақпараттың анық-қанығына көз жеткізбестен ұран салып, айқайға басар болса елде соғыс отының тұтанып кетуіде мүмкін. Міне осыдан-ақ журналистиканың қандай маңызға ие екенін аңғарумыз керек. Бұл мамандықтың иелері елдің іргесі бүтін, босағасы берік болуы үшін қызмет атқаруы тиіс.

Иа мен тілшілік тіршілікке қадам басып келе жатқан жас журналист ретінде менің бүгінгі таңдағы қазақ журналистикасынан түйгенім осы. Әрине болашақ тілші ретінде мен қазақ журналистикасын жаңа деңгейге шығарғын келеді. Қарапайым қарашаның басындағы мәселені, атқа мінерлерге жеткізсем деймін. Халқымыздың бай тілін одан әрі байыта түскім келеді. Журналист болам деген арман жолында, ұшталмаған қаламым бар қолымда...

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-standa-y-azirgi-zhurnalistika-867927](https://yvision.kz/kk/post/aza-standa-y-azirgi-zhurnalistika-867927)