---
title: "Қазақстандағы алғашқы метро жолаушыларының қауіпсіздігі – жаңадан құрылған метрополитендегі ІІБ қызметкерлерінің сенімді қолында"
description: "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентті..."
author: "AlmatyAnticorruption"
published: "2015-12-10T03:01:05+00:00"
modified: "2015-12-10T03:01:05+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-standa-y-al-ash-y-metro-zholaushylaryny-auipsizdigi-zha-adan-ryl-an-metropolitendegi-iib-yzmetke-666919"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-standa-y-al-ash-y-metro-zholaushylaryny-auipsizdigi-zha-adan-ryl-an-metropolitendegi-iib-yzmetke-666919/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазақстандағы алғашқы метро жолаушыларының қауіпсіздігі – жаңадан құрылған метрополитендегі ІІБ қызметкерлерінің сенімді қолында

> Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентті...

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті метрополитендегі ішкі-істер бақармасында кеңес өткізді. Аталған іс - шараға метрополитендегі ІІБ басшылары, бөлім жетекшілері мен жеке құрам қатысты.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасасу бөлімінің консультанты Бақытбек Әлішов сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегияда көрсетілген түйінді бағыттарға тоқталып, мемелекеттік қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, сот және құқық қорғау органдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелерін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастырудың мән-жайын жеткізді. Елбасымыздың «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс ХVI съезінде айтылған мемлекетімізді дамытып нығайтуға арналған 5 институционалды реформасы мен «100 нақты қадам» ұлттық жоспары тақырыптарына тоқталып өтті. Сыбайлас жемқорлыққа байланысты заңнамаларды сақтамаудың салдарынан туындайтын қиындықтар жайында және 2015 жылдың 5 айында құқық қорғау органдары қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа байланысты ұсталған нақты мысалдар келтірді.

Метропоитендегі ІІБ бастығының орынбасары Бау

![Қазақстандағы алғашқы метро жолаушыларының қауіпсіздігі – жаңадан құрылған метрополитендегі ІІБ қызметкерлерінің сенімді қолында](https://storage.yvision.kz/images/user/almatyanticorruption/ocgAYv7399egL3NOoa04BirDfjKKGC.jpg)

ыржан Хантеміров метропоитендегі ішкі-істер басқармасы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылып жатқан іс-шараларды баяндап, метрополитендегі ІІБ жүргізіп жатқан ерекше жұмысының аса маңыздылығына тоқталып өтті.

Іс-шараға қатысушыларға сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларына байланысты жаднамалар таратылып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бейнероликтер көрсетілді.

Кеңес барысында метрополитендегі ішкі-істер басқармасының қызметкерлері өздерінің сұрақтарына нақты және толыққанды жауап алды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-standa-y-al-ash-y-metro-zholaushylaryny-auipsizdigi-zha-adan-ryl-an-metropolitendegi-iib-yzmetke-666919](https://yvision.kz/kk/post/aza-standa-y-al-ash-y-metro-zholaushylaryny-auipsizdigi-zha-adan-ryl-an-metropolitendegi-iib-yzmetke-666919)