---
title: "Қазақстанда туберкулезбен сырқаттану 2,2 есеге, өлім жағдайы 5 есеге азайды"
description: "Соңғы 10 жылда Қазақстанда туберкулезбен сырқаттану 2,2 есеге, өлім жағдайы 5 есеге төмендеді. 2015 ..."
author: "MTSZN_RK"
published: "2016-01-25T04:12:51+00:00"
modified: "2016-01-25T04:12:51+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-standa-tuberkulezben-syr-attanu-2-2-esege-lim-zha-dayy-5-esege-azaydy-674947"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-standa-tuberkulezben-syr-attanu-2-2-esege-lim-zha-dayy-5-esege-azaydy-674947/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазақстанда туберкулезбен сырқаттану 2,2 есеге, өлім жағдайы 5 есеге азайды

> Соңғы 10 жылда Қазақстанда туберкулезбен сырқаттану 2,2 есеге, өлім жағдайы 5 есеге төмендеді. 2015 ...

Соңғы 10 жылда Қазақстанда туберкулезбен сырқаттану 2,2 есеге, өлім жағдайы 5 есеге төмендеді. 2015 жылы сырқаттану 11,9%-ға азайып, 100 мың тұрғынға шаққанда 58,5-ті құрады (2014 жылы – 66,4), өлім жағдайы 22,4%-ға төмендеп, 100 мың тұрғынға шаққанда 3,8-ді құрады (2014 жылы – 4,9).

Қазіргі таңда еліміздің барлық аймақтары туберкулезді, сонымен бірге, оның дәрілерге төзімділігі бар түрлерін диагностикалауға арналған заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Республикада қажетті дәрілік заттардың көлемі жеткілікті дәрежеде.

2015 жылы алғашқы рет сезімтал туберкулезбен сырқаттанған адамдарды емдеу тиімділігі жақсарып, 2014 жылы 86,4% болған көрсеткіш 87,6%-ды құрады (ДДҰ стандарты– 85%).

2015 жылдың нәтижесі бойынша сырқаттанған адамдарды туберкулезге дәрілік төзімділігі көп екінші қатардағы препараттармен қамтамасыз ету азаматтық секторда 99,4%,-ды, пенитенциарлық секторда – 98%-ды (ДДҰ стандарты – 85%) құрады. Сырқаттанған адамдарды туберкулезге дәрілік төзімділігі кең үшінші қатардағы препараттармен қамтамасыз ету азаматтық секторда 99,8% (ДДҰ стандарты– 85%) болды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-standa-tuberkulezben-syr-attanu-2-2-esege-lim-zha-dayy-5-esege-azaydy-674947](https://yvision.kz/kk/post/aza-standa-tuberkulezben-syr-attanu-2-2-esege-lim-zha-dayy-5-esege-azaydy-674947)