---
title: "Қазақстанда түрмелерге сәлемдеме жіберу тоқтатылуы мүмкін"
description: "Қазақстанда түрмелерге сәлемдеме жіберу тоқтатылуы мүмкін. Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінде ж..."
author: "mvdgovkz"
published: "2013-11-07T23:31:32+00:00"
modified: "2013-11-07T23:35:30+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-standa-t-rmelerge-s-lemdeme-zhiberu-to-tatyluy-m-mkin-383993"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-standa-t-rmelerge-s-lemdeme-zhiberu-to-tatyluy-m-mkin-383993/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазақстанда түрмелерге сәлемдеме жіберу тоқтатылуы мүмкін

> Қазақстанда түрмелерге сәлемдеме жіберу тоқтатылуы мүмкін. Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінде ж...

Қазақстанда түрмелерге сәлемдеме жіберу тоқтатылуы мүмкін. Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінде жаңа редакциядағы Қылмыстық-атқару кодексінің таныстырылымы барысында Ішкі істер вице-министрі Амантай Күреңбеков мәлім етті. Вице-министрдің айтуынша, сотталғандардың атына сәлемдемелер жіберуді тоқтатумен қатар, түзеу мекемелеріндегі дүкендерден қажетті бұйымдар мен азық-түлік алуға арналған айлық есептік көрсеткіш көлемін өсіру жоспарланып отыр. «Мекемелердің аумағында ақшаның мұндай ресми айналымы жоқ, бірақ олардың барлығының қолында карточкалар бар. Олар дүкендерден карточкалар арқылы азық-түлік, бірінші кезектегі қажетті заттарды сатып алады. Ал сәлемдемелер, біріншіден, тыйым салынған заттардың түрмелерге өтуіне жол ашады. Екіншіден, камерада сақтауға мүмкін болмайтын азық-түліктер де келеді. Үшіншіден, сәлемдемелерді жинау және жіберу карточкаға ақша аударуға қарағанда қиындау», - деді А. Күреңбеков.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-standa-t-rmelerge-s-lemdeme-zhiberu-to-tatyluy-m-mkin-383993](https://yvision.kz/kk/post/aza-standa-t-rmelerge-s-lemdeme-zhiberu-to-tatyluy-m-mkin-383993)